English version

Жылусыз қалған Риддер қаласы: Әкім тұрғындарға үндеу жасады

Контекст дня — 25 октября 2022 13:00
0 -1

Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой барлық қазандықтарды іске қосу үшін ЖЭО-ға 190 тонна мазут жеткізілгенін айтып, шыдамдылық танытуды сұрады. 

– Бүкіл жылу жүйесін, ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін белгілі бір уақыт қажет. Сондықтан сіздерден сабырлылық, ұстамдылық, шыдамдылық танытуларыңызды сұраймын. Бүгін күні бойы барлық жылу жүйесі, сондай-ақ ыстық сумен жабдықтау қалыпты жұмыс жағдайына келеді, – деді Горьковой.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы Риддерде мазуттың сапасыздығына байланысты ЖЭО тоқтап, қала жылусыз қалды. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

– ЖЭО басшылығы мазуттың сапасын бақыламады, ол сумен араласып кеткен. Нәтижесінде жылу станциясының қазандықтары уақытша тоқтады. Шұғыл түрде менің басшылығыммен жедел штаб құрылды, – деді облыс әкімі.

Облыс прокуратурасы Риддер ЖЭО басшылығының немқұрайлылығы бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Даниал Ахметов жақын арада ЖЭО қазандықтарын іске қосу алгоритмін әзірлеп, қала тұрғындарына ұсынатынын айтты. Сондай-ақ ЖЭО-ға Өскеменнен 20 тонна мазутпен алғашқы көлік шыққанын хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Жылусыз қалған Риддер қаласы: Әкім тұрғындарға үндеу жасады
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.