Жәнібек Әлімханұлы кезекті рет шулы мәлімдеме жасады
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
– Келесі жылы барлық төрт белдікті алып, екінші орта салмақта жекпе-жекке шығамын, – деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Деметриус Андраде орта салмақтағы WBO чемпиондық титулынан бас тартып, екінші орта салмаққа ауысып, Жәнібекпен жекпе-жектен бас тартқан. Басылымның мәліметінше, Әлімханұлы Андрадемен осы дивизионда кездесуге ниетті.
Жәнібек Әлімханұлы мамыр айында WBO-ның «уақытша» чемпионы белбеуін жеңіп, екінші раундта британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсірген болатын.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет