English version

Зілзала зардабы: Түркияда 300 мыңға жуық адам бала асырап алуға өтініш берді

Контекст дня — 22 февраля 2023 17:30
0

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін көп балалар жетім қалды. Қазіргі уақытта 300 мыңға жуық адам бала асырап алуға өтініш берген, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Түркияда бұрын күніне бала асырап алуға 3 өтінім келсе, жер сілкінісінен кейін бұл сан 290 мыңға жеткен.

Түркияда табиғи апат құрбандарының ресми саны 42 мыңнан асты. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған ұсынған мәліметтерге сәйкес, зардап шеккен аудандардағы қалашықтарда 865 мыңға жуық адам орналасқан.

Үкімет жыл соңына дейін көп адамды баспанамен қамтамасыз ету үшін қайта құру бағдарламасын жариялайды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.