English version

«Зорлық белгілері бар»: «АрселорМиттал Теміртау» заңгері қайтыс болды

Контекст дня — 24 апреля 2023 15:10
0 -1

«АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің денесі пәтерден өлі күйінде табылды. Төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Компанияның баспасөз қызметі ақпаратты растады және марқұмның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтердің жалпы аумағында жиһаздар мен тұрмыстық заттарды өртенген. Өрт орнынан 1969 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Төтенше жағдайлар департаменті подъездегі пәтерлерден 9 адамды эвакуациялады. Өрт 13:25-те оқшауланып, 13.31-де толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша әрекет жасалып жатқанын атап өтті.

– Марқұм әйелдің денесінде зорлық белгілері болды. Қазіргі уақытта кінәлі адамды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.