«Қантөгіспен келген шешім»: Қарақалпақстан халқы дегеніне жетті - Exclusive
Поддержать

«Қантөгіспен келген шешім»: Қарақалпақстан халқы дегеніне жетті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нүкісте өткен кеңесте Қарақалпақстан халқының наразылығын тудырған түзетулер ел Конституциясының 70, 71, 72, 74 және 75-баптарының қолданыстағы редакциясы өзгеріссіз сақталуы керек екенін айтты.

Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

2 шілде күні Мирзиеев Нүкіске келіп, Жоғарғы Кеңес депутаттарымен және Қарақалпақстан өкілдерімен кездесті.

– Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды талқылау үдерісі әлі де жалғасып жатқанын, сондай-ақ Қарақалпақстан халқы айтқан пікірлерді зерделеу негізінде президент Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70, 71, 72, 74, 75-баптарының қолданыстағы редакциясын өзгеріссіз сақтау қажеттігін атап өтті, – делінген президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан тұрғындарына бірлік, достық пен өзара құрметті сақтау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ол қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға тырысатын адамдарға қатысты заң аясында қатаң шаралар қабылданатынын жеткізді.

Фото ашық деректерден




2 Комментария

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  1. Саясаткерлердің осы бір әдеті жаман өздері жатқан жыланның құйрығын басып артында біреу бар бүлдіріп отырған деп жазықсыз халыққа жаба салад өздерінің шешіміне зер салып қарамайды