Қазақстан кәсіпорындары Сауд Арабиясына ет экспорттайды - Exclusive
Поддержать

Қазақстан кәсіпорындары Сауд Арабиясына ет экспорттайды

Қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорны Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізіліп, ет экспорттайды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Олар: «Алтын қазық» ЖШС (Ақмола облысы), «Ақтөбе ет кластері» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Empire Food» ЖШС (Алматы облысы), «Meat Processing and Service LLP» ЖШС (Алматы облысы), «Кублей» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы).

Бұған дейін 2021 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын.

Отандық кәсіпкерлер басқа елдердің аумағында қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын игеруді жалғастыруда.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *