Қазақстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялау жобасын мақұлдады
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы шекара ұзындығы 2,1 мың шақырымнан асады, шекараны демаркациялау жөніндегі келіссөздер 2003 жылы басталып, 2017 жылы қайта жанданды.
– Алматыда 25 шілде мен 5 тамыз аралығында Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті, – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады.
Келесі кездесу Өзбекстанда өтеді. Мерзімдер дипломатиялық арналар арқылы белгіленбек.
Фото: радио Озоди
Комментариев пока нет