Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 707 мың теңгеден асты - Exclusive
Поддержать

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 707 мың теңгеден асты

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы көлемі 707 326 мың теңгеге жетті. Бір жылда қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 853 млрд теңгеге (6,7%-ға) өскен.

– Кіріс ағындары, атап айтқанда, жарналар биыл көбейді. 2022 жылдың бес айында салымшылардың шоттарына шамамен 661,9 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе 147,2 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек. Жарналардың жалпы көлемінің 95,1% МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, – деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.

БЖЗҚ мәліметіне сай, жыл басынан бері салымшыларға 947,5 млрд теңге төленген.

– БЖЗҚ-дан кесте бойынша зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 29 360 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды, – делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *