Қазақстанда жылқы еті қымбаттады
Қазақстанда жылқы еті бір жылда 16,5% қымбаттады. Шілде айында жылқы етінің келісі 2,9 мың теңге болды. Бұл былтырғыдан 16,5% қымбат.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметіне сай, жылқының көбі Түркістан облысында сойылған. Үздік үштікке Абай (тиісінше 13,5 мың және 7,1 мың тонна) және Ақтөбе (тиісінше 10,6 мың және 5,5 мың тонна) облыстары кіреді.
Ең қымбат жылқы еті Астанада (келісі 3,3 мың теңге), ең арзан Қызылорда (келісі 2,3 мың теңге) тіркелді.
Биыл республика бойынша 125 мың тонна жылқы сойылды немесе союға сатылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 6,2% артық.
Фото: Ақтөбе газеті
Комментариев пока нет