Қазақстандағы ең жас және ең кәрі әкім анықталды
Қазақстанда ең жас және ең кәрі әкім кім екені айтылды. Елдегі облыс әкімдерінің орташа жасы – 52 жас. Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары хабарлады.
Жасы ең үлкен әкім Шығыс Қазақстан облысын басқаратын – Даниал Ахметов болды. Ол 68 жаста. Сондай-ақ, Ахметов бұл қызметті ең ұзақ атқарған әкім. Айта кетейік, ол 60 жасында облыс әкімі болды.
Қазақстандағы ең жас әкім Шымкент қаласының басшысы – Мұрат Әйтенов болды. Ол 40 жаста.
Жұмыс мерзімі ең қысқа әкім – Ұлытау облысының басшысы Берік Әбдіғалиев болды.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет