Қазақстанды жүйелі инфрақұрылымдық дағдарыс күтіп отыр
Елордада ауыз судың жиі тоқтап қалуы, тұрғын үй қорын басқарудағы қателіктерді тіпті президенттің өзі де мойындады, өңірлерде энергиямен және жылумен жабдықтау проблемалары туындап отыр. Алдағы қыста бізді жүйелі инфрақұрылымдық дағдарыс күтіп тұрған сияқты. Мұндай дағдарыстың негізгі себептері қандай?
Бұған Астанада халық санының артуы және табиғаттың «тосын» мінез танытуы кінәлі деп санайды. Бір сөзбен айтқанда жаз бен қыс айтып келмейді дейді. Бірақ шындығына жүгінсек, сарапшылар ондаған жылдар бойы негізгі қорлардың толықтай тозғандығы жөнінде дабыл қағып келе жатқаны белгілі, алайда үкіметтің өртті сөндіру стратегиясын өзгертетін түрі жоқ.
Әрине, мұраға қалған инфрақұрылымды біртіндеп жөндеу және оны кезең-кезеңімен ауыстыру жұмыстары жүріп жатқаны белгілі, алайда бұл өте баяу және бей-берекетсіз жүзеге асуда. Ресми статистикаға зер салсақ 2021 жылы республика бойынша кәсіпорындардың негізгі құралдарының тозу деңгейі 47,2%-ды құраса, жаңарту коэффициенті 7,5% құраған, ал шын мәнінде жағдай бұдан әлдеқайда нашар көрінеді.
Алайда үкіметте мұндай күрделі міндетті шешудің біртұтас тұжырымдамасы жоқтың қасы. Нәтижелері жоқ шашыраңқы және жүйесіз шаралар қомақты қаражатты талап ететіні белгілі. Үкіметке инфрақұрылымдық артта қалушылықты жеңу үшін тарифтер құнын көтеру қисынды көрінеді. Алайда тарифтер жыл сайын біртіндеп көтерілсе де, одан түскен қаражат қайда кетеді деген сұрақ туындайды? Басқару жүйемізге дендеп кеткен сыбайлас жемқорлық салдарынан мұндай шаралардың тиімділігі мардымсыз болатынын жақсы білеміз. Бұған қоса, Үкімет атышулы әлеуметтік шиеленістің өсуінен қауіптеніп, тарифтерді бірден және күрт көтеруге қорқады. Мұны халықтың нақты табысы өскен және инфляция төмендеген жағдайда жасай алар еді, бірақ бұл тапсырма да олардың қолынан келмей отыр, өйткені бұл қажырлы еңбек пен кәсібилікті қажет етеді. Соңғы 30 жыл ішінде үкімет не нәрсені естен шығарып алды? деген заңды сұрақ туындайды
Бұл ретте, өкінішке орай, біздің халқымыз биліктің саяси қарсыластарын қудалай бастайтынын, су болмаса көшеге шығып, қыста отбасы мүшелері үйлерінде тоңатынын түсінуі қажет. Мұндай жүйенің парадоксы – адамдар саяси талаптарға әлі жете қойған жоқ, бірақ өздерінің ең қарапайым деген қажеттіліктерінің орындалмауын кешірмейтіні сөзсіз шындық. Адамдардың қажеттіліктері өте қарапайым екені белгілі. Мұны мойындау керек. Жұмыс, тамақ, жылу. Мұндай қарапайым дүниелерге мемлекеттік бюджеттің қыруар қаржы бөлінсе де және ондай қаржыны бөлетін адамдар халықтың негізгі легі тұратын Қазақстанның ең басты қаласында қарапайым заттардың да қол жетімді болмай отырғаны симптоматикалық құбылыстардың бірі саналатыны шындық.
Қадірлі менің Астанам…
Күні кеше ғана Мәжілістің жалпы отырысында Жоғарғы есеп палатасының басшысы Наталья Годунова елді елең еткізетін санды жария етті. Оның негізгі қорытындысы адамды, әрине, таңғалдыратыны анық.
«Біз бюджет шығыстарын қойылған стратегиялық мақсаттарға сай етіп байланыстыруды ешқашан үйренген емеспіз. Нәтижесінде – жалпыұлттық міндеттерге қол жеткізуге әсер етпейтін іс-шараларға үлкен ресурстар бөлінуде. Бізде ұлттық жобаларды әзірлеуге уақыт жетіспейді, сөйтіп оны іске асырудың екінші жылында біз оларды жоғалтып аламыз. Барлығы орындалған сияқты көрінеді, алайда әсері күмән туғызады. Мыңдаған жұмыс орындары құрылуда, ал Еңбек министрлігі болса жұмыссыздықтың өсуін болжаумен әлек болып отыр. Инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық әсері кейінге қалдырылды. Жобалық қуаттарды кеңейту және шығару үш – бес жылдан кейін жоспарланған. Бұл түсінікті, бұл кез келген инвестициялық жобаның өндірістік циклі. Содан кейін оны ешкім бақылауда ұстамайды. Көптеген жобалар іске асыру аяқталғаннан кейін бірден мониторингтен алынады. Әсерді бағалаудың жеке әрекеттері бар, бірақ бұл ережеден гөрі ерекшелікке жақын», – деді Наталья Годунова.
Ол мемлекеттік органдардың жұмысы ашық емес екенін атап өтті, өйткені оны бағалау оңай емес. Годунованың айтуынша, 2022 жылғы мақсатты индикаторлардың 37%-ы бойынша статистикалық деректер осы уақытқа дейін қалыптаспаған, ал қолда бар деректер нәтижелер туралы тұтас түсінік бермейді. Сондай-ақ, көрсеткіштер орындау фактісі бойынша қалыптастырылады, ал қаржыландыру көлемінің өзгеруі олардың мәндеріне әсер етпейді.
Годунова Қазақстан осы уақытқа дейін бюджетті толықтыру бөлігінде барлық резервтерді іске қосылмағанын растап отыр.
– Әрине, республикалық бюджет 2017 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Бірақ салық органдары өндіріп алуы тиіс резервтердің басым бөлігі заңның қолданылу аясынан тыс қалады. Бұл көлеңкелі экономика, кем дегенде 3-4 трлн. теңге жыл сайын мемлекеттік бюджетке түседі. Оған қоса ондаған жылдар бойы есепке алынбаған салықтық жеңілдіктер де өз жұмысын жалғастыруда. Кейде өркендеп келе жатқан қаржылық бизнес үшін әрекет етуде. Елімізде өзге де жеңілдіктер мен артықшылықтар бар, олардың көлемін ешкім бағалаған емес. ДАП аудитімен 64 салық жеңілдіктерін Ұлттық экономика министрлігі де, мемлекеттік кірістер комитеті де ескермегені, ал бұл бюджет шығыны тек 4 жыл ішінде (аудит кезеңі) шамамен 10 трлн теңгені құрағаны анықталды. Нәтижесінде созылмалы бюджет тапшылығы пайда болды, яғни қарызға өмір сүру деген сөз. Бұл ретте Үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету шығындары таза бюджет кірісінің 25%-ын немесе 2,9 трлн. теңгені құрады, – деді Жоғарғы есеп палатасының басшысы.
Ол бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау мердігерлер мен жеткізушілер арқылы көбірек жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Сондай – ақ, министрліктердің даму жоспарларында және олардың бюджеттік бағдарламаларында халықтың өмір сүру сапасының өзгеруіне байланысты түпкілікті көрсеткіштер іс жүзінде жоқ (әлеуметтік блокты қоспағанда-денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі).
– Бюджеттік ұйымдарды ғана емес, экономика салаларын да қаржыландыру (кез келген құралдар арқылы) жаңа жұмыс орындары мен жалақыны көтеру түрінде мультипликативті әсер етуі керек. Бізде экономика салаларын қаржыландыру өсуде, ал бұдан халықтың жағдайы жақсармасы анық, – деп өз наразылығын білдірді Годунова.
Қалыпты дамыған елдерде бұл сенсация ретінде қабылданатыны және шенеуніктердің тұтас бір тобын отставкаға кетуіне ғана емес, сонымен бірге мәселені шешуге күш салатыны анық. Бірақ бізде емес. Бізде ауырсыну шегі әлі жойылмаған сияқты.
Бірақ бұрынғы есеп комитеті бір үлкен, бірақ қоғам назарынан тыс қалған шығыстар бабын әлі қолға алған жоқ. Жоғарыда жазғанымыздай, мәселе қыруар қаржы жинақталған бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар жайында болып отыр. Бұл ретте атқарушы билік оларға парламенттік немесе қоғамдық бақылаудан тыс билік етеді және бұл қаражаттың есеп беруі «өзара тартысы» принципі бойынша жүзеге асырылады.
Еске сала кетейік, мәселе Ұлттық қор (2022 жылдың аяғында 28,6 трлн теңге), БЖЗҚ (14,7 трлн теңге), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (1,3 трлн теңге), Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (шамамен 700 млрд теңге) туралы болып отыр. Осылайша, аталған бюджеттен тыс қорлардың жалпы активтері 45,3 трлн теңгені құрайды.
Бюджеттен тыс қорлардан басқа келесі ірі ұлттық холдингтер үкімет пен президенттің тікелей бақылауында: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры (активтері 2021 жылдың аяғында 30,3 трлн теңге (2022 жылға арналған есептілік жоқ), «Бәйтерек» ҰБХ – активтері 2021 жылдың аяғында 9,9 трлн теңге (2022 жылға арналған есептілік жоқ) арналған есептілік жоқ, мұндай ұлттық холдингтердің жалпы активтері 40,2 трлн теңгені құрап отыр.
Салыстыру үшін айтар болсақ, 2022 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 103,6 трлн теңгені, ал ҚР Парламенті бекіткен республикалық бюджет шығыстары 2022 жылы 18,5 трлн теңгені құрады. Осылайша, Қазақстандағы атқарушы билік парламенттің (демек, бүкіл жұртшылықтың) елеулі бақылауынсыз, көлемі жағынан елдің жалпы ішкі өніміне жақын активтерді басқарады деген сөз.
Барлық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаржылық есептілігімен мұндай айла-шарғыларды болдырмау үшін оларды бірден ХҚЕС стандарттарына көшіру, сондай-ақ оларды парламент бекітуі тиіс шоғырландырылған мемлекеттік бюджетке енгізу жеткілікті. Бұл, бір қарағанда, қалыптасқан саяси жүйеге әсер етпейтін толықтай техникалық міндет саналады. Бірақ, шамасы, тек бір қарағанда ғана осылай көрінетін сияқты. Ішкі қарама-қайшылықтардан туындаған күрделі әрі бұзылған мемлекеттік басқару жүйесі жұмылдырылған және тиімді бола бастады. Ішкі қарама-қайшылықтардан зардап шеккен мемлекеттік басқару жүйесі жалпы қауіп туындаған жағдайда жұмылдырылған және тиімді жүйе саналатыны белгілі. Мұндай қауіптің атауы – ақылға қонымды сана деп аталады.
Сондықтан елде ақша бар да, су жоқ.
Бұл арада еліміз белгілі бір жергілікті дағдарыстан екіншісіне шағын қадамдармен көшіп келеді және бұл үнемі солай болатын сияқты көрінеді. Бірақ бөгеттер де бір түнде бұзылмайтыны белгілі. Мұның бәрі шағын ғана саңылау тесіктерден басталатыны, содан кейін барған сайын олардың ұлғаятыны, соңында тұтас бір қабырғаның құлайтыны белгілі Міне, осы кезде сорғы станцияларын салу кеш болатыны сөзсіз шындық.
Комментариев пока нет