Назарбаев Қазақстанның тәуелсіз ел атануына зор еңбек сіңірді – Тоқаев - Exclusive
Поддержать

Назарбаев Қазақстанның тәуелсіз ел атануына зор еңбек сіңірді – Тоқаев

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтап, бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн екенін атап өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз деген Қасым-Жомарт Тоқаев өткен заманның қайраткерлеріне, олардың еңбегіне лайықты, әділетті баға беріп отыру керектігін баса айтты.

– Азаттық жылнамасында Салық Зиманов, Серікболсын Әбділдин, Қаратай Тұрысов, Зинаида Федотова, Ерік Асанбаев, Әбіш Кекілбаев, Ғайрат Сапарғалиев, Сұлтан Сартаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Олжас Сүлейменов, Александр Княгинин, Мырзатай Жолдасбеков, Өмірбек Байгелді, Қуаныш Сұлтанов, Сергей Терещенко және тағы басқа көптеген тұлғаның есімін құрметпен атап өту керек. Елін сүйген ерлердің отаншылдығы және олардың ұлт мүддесіне адалдығы әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Біз тарихи әділдік жолын берік ұстануымыз керек. Осы орайда тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлін атап өткен жөн. Себебі ол еліміздің Тәуелсіз мемлекет атанып, тұғырын бекемдеуге орасан зор еңбек сіңірді, – деді президент.

Фото: ашық дереккөз




1 Комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.