Қазақстанда 1 қазаннан бастап 80 000 киікті атуға рұқсат етіледі - Exclusive
Поддержать

Қазақстанда 1 қазаннан бастап 80 000 киікті атуға рұқсат етіледі

Қазақстанда 1 қазаннан бастап Орал популяциясындағы 800 000 киіктің 80 000-ын атуға рұқсат етіледі. Бұл шара Қазақстандағы киіктер санын реттеу мақсатында жасалады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешовтің айтуынша, бионегіздеме аяқталған. Ғалымдар киіктердің санын реттеу мәселесін көтерген.

«Бионегіздеме аяқталды. Ғалымдар киіктердің санын реттеу мәселесін айтып жатыр. Бұл – Орал популяциясы. Қазір ондағы киіктер саны 800 мың бас болса, онда олардың 10 пайызы реттеледі. Яғни, 80 мың бас киік», — деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл шара киіктердің ауыл шаруашылығындағы малмен бәсеке болмауы үшін қабылданады. Сондай-ақ, батыс аймақта киіктер мал жайылымынан бөлек егінге кіріп кеткен.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *