Құлыбаевтың компаниясы меншіктеген жер мемлекетке қайтарылды - Exclusive
Поддержать

Құлыбаевтың компаниясы меншіктеген жер мемлекетке қайтарылды

2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 млрд. теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі «Достық строй» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің меншігіне өткен, деп хабарлайды Exclusive.kz Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда, бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген.

24.11.2022 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген. Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, «Достық Строй» компаниясы Joint Technologies және «Кипрос» деген екі компания арқылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі.

Фото: РБК




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.