Қарақалпақстанда қоғам белсендісі қамауға алынды
Қарақалпақстандық белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратов қамауға алынды.
Өзбекстанның конституциялық құрылысына қол сұғушылық ісі бойынша 14 адам жауапқа тартылды. Негізінен ұсталғандар автономияны сақтауды жақтайтын қарақалпақ ұлтының өкілдері.
— Атап айтқанда, Д.М.Тәжімұратов пен А.Т.Тұрдановқа Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша айып тағылды. Оларға қатысты сот қаулысымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Л.О.Қаллыханованың әрекетінен қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыс белгілері анықталды. Ол бұл іске күдікті ретінде тартылып, процессуалдық тәртіпте қамауға алынды, – деп хабарланды Өзбекстан прокуратурасының телеграм-арнасында.
Дәулетмұрат Тәжімұратов облыс тұрғындары алдында сөз сөйлеп, түзетулердің қабылдануына жол бермеуге шақырды. Жиыннан кейін қауіпсіздік күштері оның үйіне басып кіріп, белгісіз бағытқа алып кеткен.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет