«Қара сөздер» қазақтарды өздерін, ата-бабаларын, тілі мен мәдениетін менсінбеуге итермеледі
Ұзақ уақыт бойы шетелде жемісті еңбек етіп жүрген қазақстандық филолог әрі мәдениеттанушы Зәуре Батаева «Қара сөздердің» авторы Абай емес, Мұхтар Әуезов және Алашорда көсемдерінің бірі, саяси технолог Әлихан Бөкейханов болып табылатыны туралы сенсациялық мақалалар жариялаған еді. Оның басты болжамдарына сүйенсек, «қазақ өмірінің эпопеясы» авторының мұрағаты 2093 жылға дейін құпияланған көрінеді.
Зәуре Батаева қазақ және орыс тілдерінен басқа, ағылшын және өзге де еуропалық тілдерді еркін меңгерген. Қазақстанда қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген, ал 2000 жылдардан бастап шетелде, атап айтқанда АҚШ университеттерінде Орталық Азия елдерін зерттеуге мамандандырылған факультеттерде қазақ тілі мен мәдениетінен дәріс береді.
– Қазақ тілі сабақтарын негізінен антропология, тарих немесе саясаттану факультеттерінің докторанттары таңдайды. Оқу курстары негізінен «Абайдың» «Қара сөздерін» оқу және талдаудан тұрады (ескерте кетейін: «Абай» сөзінің тырнақшаға алынуы қате емес). Мен шәкірттерімді сол кезде қазақ мәдениеті мен менталитетін танудың маңызды көзі деп санадым, – дейді Зәуре. – Мен үшін күтпеген жерден американдық студенттер «Сөздердің» авторын күлкіге айналдырып, менмендік пен өзін-өзі дәріптеудің шынайы көрінісі болып табылатынын баса айтты, бұл олардың пікірінше нағыз данышпандар мен зиялыларға тән қасиет емес. Сондай-ақ олар XIX ғасырдағы көшпелі қоғам өкілінің, әрине, патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының серіктесі әрі пайдасына ортақтастығы болмаса, туған-туыстары мен өз мәдениеті туралы мұндай келеңсіз дүниелер жаза алмайтынын алға тартты. Ол кезде патшалық Ресейдің қазақтардың жерін тартып алуға, оларды қоныстандыруға бар күш-жігерін жұмсағанын біз жақсы білеміз.
Мен, әрине, олармен ұзақ дауласып, керісінше мұны дәлелдеуге тырысып бақтым. Алайда мұндай сауалдар мені қатты таңғалдырды, өйткені мұндай дүниелерді бұрын-соңды естімеген едім. Мұндай пікірталастар маған кеңестік-қазақ мәдениетінің жақтаушысы ретінде «Қара сөздердің» мазмұнын басқа қырынан қарауға көмектесті.
Әйтсе де, «Абайымды» іздеуіме америкалықтар емес, ақынның атына айтылатын сәл ғана сынның өзі қоғамда жұртшылықтың ашу-ызасын тудыратын, Қазақстанның әлеуметтік желілеріндегі қызу пікірталастар шабыттандырған болатын-ды. Бүгінде мұндай құбылыс қаншалықты кереғар көрінсе де, зерттеу жұмыстарына кірісе отырып, мен сыншыларға Абай Құнанбаевтың жалғыз және қоршаған ортасы түсінбейтін интелектуал болғанын дәлелдегім келді (яғни, толықтай «абайшыл» мақсатты көздедім). Сондықтан, Абай өзінің жеке бақылауын, ішкі ой-пікірлерін жариялағысы келмеген күнделікке сеніп тапсырды. Демек, мен оны ынтымақтастық пен сатқындық үшін айыптау, тіпті оның «Қара сөздерін» қазақтардың өзін-өзі бағалауына теріс әсер етеді деп түсіндіру, тым құрығанда негізсіз болар еді деп ойладым.
– Жамбыл туралы да айтып жүр, мәселен, физикалық тұрғыдан алғанда ондай адам болған деседі, бірақ мұндай есімі бар ақын болмаған…
– Жамбылға келсек, мұндай ақын физикалық жағынан да, шығармашылық жағынан да болған. Оның шығармашылығы 2013 жылы «Жамбыл Жабаев» кітабында егжей-тегжейлі, жіті талданған болатын. «Қазақ ақынының кеңес еліндегі бастан кешкен шытырман оқиғалары» фильмінде ресейлік және батыс зерттеушілері мұрағат құжаттары негізінде 90 жастағы импровизатор ақынның таланты мен шығармашылығын кеңестік үгіт-насихатшылар Кеңес мемлекеті мен Сталинге мадақ жасау үшін қаншалықты опасыздықпен пайдаланылғанын көрсетіп берді. Басқаша айтқанда қарт ақын өткен ғасырдың 30-жылдарындағы террор жүздеген адамды құртқан, алаяқтар тобына алданып кете берген.
Орыс тілін үш айда приход мектебінде меңгерген, содан кейін өзінің барлық руластары сияқты маусымдық көшпенді бола отырып, ешқандай ресми білімі жоқ, батыс ойшылдары мен орыс классиктерінің еңбектеріне өз бетінше тереңдей түскен қазақ ақыны және философы «Абай Құнанбаев» тарихта шынымен болды ма? Бұған берер менің жауабым: жоқ, болмаған және болуы мүмкін де емес. Мен бұл мәселеге «Абай жұмбағы» (https://elimai.kz/zagadka-abaya-velichajshij-neizvestnyj-poet-kazaxstana-vi.html) мақаласының барлық 8 тарауын және «Абайды» «іздеу» мақаласының екі тарауын арнадым. Адольф Янушкевичтің хаттары, тағы бір кеңестік жалғандық» (https://dialog.kz/articles/kultura/2022-05-26/zaure-bataeva-v-poiskah-abaya-pisma-adolfa-yanushkevicha-eshchyo-odna ), міне, осы сұхбатта мен бастапқы дереккөздерді талдау нәтижелерін қысқаша қорытындылайтын боламын.
Сонымен, фактчекинг кеңестік және посткеңестік деректерден бізге белгілі нұсқаның мифтен басқа, өзгеше бір нәрсе емес екенін, Абай Құнанбаевтың шынайы тарихы мен өмірбаяны ешқашан ғылыми тұрғыдан зерттелмегенін тез көрсетіп берді. Алайда, тарихи деректерге сүйенсек Ыбырай Құнанбай есімді көшпенді тұлғаның шынымен де өмірде болғанын көруге болады. Федор Щербинаның Дала өлкесіне жасаған санақ экспедициясына (1896-1899) қатысқан журналист-этнограф, Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі Әлихан Бөкейханов өзінің есебінде Семей уезінің Шыңғыс болысының ер азаматтарын өз қолымен тіркеген. Ондай қазақ азаматының есімі – №1 ауыл тұрғындарының тізімінде көрсетілген-ді.
Алайда, аталған есепте өңірдің тарихи-мәдени аспектілері туралы ауқымды түсініктеме бере отырып, Бөкейханов «Ыбырай Құнанбайды» ақын «Абаймен» сәйкестендірмеді, бұл оның Шыңғыс болысынан шыққан «Ыбырай Құнанбай» атақты ақын болған деп мәлімдеген, бес жылдан кейін «Ибрагим (Абай) Құнанбаевтың» қазанамасында жарияланған өзіндік хабарламасына мүлдем қайшы келеді. Бөкейхановтың 1900 жылғы санақ есебінде оны ақын деп атап көрсетпегені «Абай жұмбағы» мақаласындада айтылғандардың тағы бір дәлелі болып табылады. Дәлірек айтқанда, «Бөкейханов мұндай адамның есімін не гетероним (псевдоним) ретінде қолданған, не болмаса саяси түсініктерге байланысты, сондай-ақ жеке, шығармашылық сипаттағы себептермен де бұл кісінің есімін тізімге өзі енгізген көрінеді. Бұдан шығатын қорытынды, Бөкейхановтың есеп-қисабында айтылған және 1904 жылы аймақтағы қандай да бір індет кезінде қаза болған Ыбырай Құнанбай есімді ақын болмаған және бізге «Абай» шығармаларының ақын-аудармашысы ретінде танымал, әсіресе алғашқы корпусы тек 1932-33 жылдары ғана пайда болған «Қара сөздердің» мәтіндеріне оның еш қатысы жоқ.
Бастапқы дереккөздерді зерттеу, біз қазір «Абай» деп атап жүрген ақын-аудармашы генезисінің үш маңызды кезеңін ашады. Біріншісін XIX ғасырдың соңғы онжылдығына жатқызуға болады, бұл кезде ақын-аудармашы «Абай» қазақ және орыс оқырмандарына беймәлім болған кезең, алайда бұл уақытта қазір оған тиесілі деп жүрген туындыларды түрлі авторлар, атап айтқанда Әлихан Бөкейханов және тағы да басқалары «Дала Уалаяты газеті» бірінші орыс-қазақ газетінің беттерінде жарияланған болатын. Мәселен, «Қара сөздердің» мәтіндерінде ақын, тарихшы, этнограф, шығыстанушы және халық ауыз әдебиетін жинаушы Жүсіп Көпеевтің идеялары кеңінен қолданылған.
Генезистің екінші кезеңі ХХ ғасырдың басында «Абай» авторлығы пайда болған кезден, яғни Әлихан Бөкейханов Ахмет Байтұрсыновпен және Міржақып Дулатовпен күш біріктіре отырып, қазақ зиялыларының ортасына ақын және философ ретінде «Абай» есімін енгізе бастаған сәттен басталады. Сөйтіп өздерінің журнал мақалаларында Абай өлеңдерінен үнемі үзінділер келтіріп, өлеңдер жинағын шығара бастады. Жоғарыда атлаған үшеудің, яғни үш тұлғаның бұл өлеңдерді жазуда да, өңдеуде де ынтымақтастықта болғанын көрсететін өздеріне тән стилистикалық белгілер кездеседі.
Үшінші және соңғы кезеңі 30–шы жылдардың басында, Кеңес өкіметі Мұхтар Әуезовтің көмегімен «Абайдан» қазақ ақынын және ұлттық деңгейдегі орысшыл ойшыл етіп шығару туралы шешім қабылдаған сәттен, сөйтіп оған 43 прозалық мәтіннің авторлығын тиесілі етіп шығарған кезде пайда болды. Осылайша, баршамызға бала кезден таныс «Абай» каноны, яғни ереже-қағидалар осы кезеңде сәтті жасала бастаған болатын-ды.
Мұндай деректер «Абай» бірнеше авторлар жасаған қандай да бір конструкция болды деп ойлауға мүмкіндік береді. Әйтсе де, бүгінгі таңда «Абайға» тиесілі деп жүрген көптеген өлеңдер мен аудармалардың авторы Әлихан Бөкейхановтың өзі болған, ол 1889-1937 жылдар аралығында түрлі бүркеншік аттармен орыс классиктерінің шығармаларын түрлі баспа басылымдарының беттерінде жүйелі түрде аударып отырған.
– Әр зерттеушінің қорында өз болжамын қорғау үшін бұлтартпас, темірдей дәлелдер болады. «Абай» «Сөздерінің» – жалған екенін дәлелдейтін қосымша дәлеліңіз бар ма?
– Ол үшін екі дереккөзді жасауға қатысқан Мұхтар Әуезовтің мұрағаттық файлдарына қол жеткізу қажет. Ол 1933 жылы жарық көрген «Абай» шығармаларының толық жинағының алғашқы кеңестік басылымының құрастырушысы және редакторы болды. Міне, сол жерде 43 прозалық мәтін алғаш рет «Қара сөздер» ретінде ұсынылды. Адольф Янушкевичтің («Күнделіктермен хаттар немесе қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар) бірінші басылымының алғы сөзінде «Адольф Янушкевич және оның кітабы» кітабының авторы Фаина Стеклованың Әуезовке ерекше алғыс білдіргеніне қарағанда, жазушының өзі де, оның отбасы мүшелері де осы дереккөзді жариялауға қатысқанына көз жеткізуге болады.
Өкінішке орай, Әуезов мұрағаты бізге әзірше қол жетімсіз – мұрағаттың 2093 жылға дейін құпиялылық белгісі бар. Алайда, филологияда жалғандық жағдайларында ішкі айғақ-дәлелдерді іздеу, басқаша айтқанда – мәтінді талдау әдісі кеңінен қолданылады. Кез-келген өзге ғылыми ортада жалғандықтың дәлелі болып саналатын, бірақ Қазақстанның ресми филологиясында ескерілмейтін сыртқы және ішкі дәлелдердің бірнеше мысалын келтіре кетейін. Сонымен, Адольф Янушкевичтің 1846 жылы жазған хаттарына сенетін болсаңыз, ол қандай да бір сұлтан Барақпен жеке таныс болған көрінеді.
Алайда, кәсіби тарихшылардың пікірлеріне қарағанда, аталған сұлтан XVIII ғасырда Орта жүзді Ресей империясының құрамына қосуға келісім білдірген қазақ көсемдерінің бірі Барақ Тұрсыновтан басқа, өзгеше бір тұлға емес. Ресейдің әкімшілік жазбаларына сәйкес Барақ сұлтан 1750 жылы қаза болған. 1846 жылы жалған кездесулер ойлап тапқан Янушкевичтің өзі осылай өтірік айтуы мүмкін бе? Бәлкім қателікті аталған кітаптың біліксіз авторлары жіберуі әбден мүмкін.
Тағы бір мысал. Бүгінде «Қара сөздер» корпусына енген көптеген мәтіндердің прототиптері басқа авторлардың, атап айтқанда Әлихан Бөкейхановтың («Дала Уалаятының газеті»», 1889) және Жүсіпбек Аймауытовтың («Абай» журналы, 1918) мақалалары болып табылатыны ешкімге құпия емес. Осылайша, «Қара сөздерде» жалғандықтың да, плагиаттың да ізі бар.
P.S. «Мұхтар Әуезов мұрағаты не себепті 2093 жылға дейін құпияланған және Абай мен Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяндарын неліктен ресейлік ғалымдарға тапсырылған? Ол туралы жақын арада білетін боласыздар.
Комментариев пока нет