Қарашығанақ мұнай-газ кен орны жұмысын уақытша тоқтатады - Exclusive
Поддержать

Қарашығанақ мұнай-газ кен орны жұмысын уақытша тоқтатады

Қарашығанақта мұнай өндіру уақытша тоқтатылады.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ірі мұнай-газ кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

– 12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жүргізу үшін Қарашығанақта мұнай өндіруді тоқтату жоспарланған, – деп жазылған хабарламада.

Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны – Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны. 2013 жылы КПО 136 миллион баррель мұнай эквивалентін өндірді. Кен орны 1979 жылы ашылған. Мұнай қоры 1,2 млрд. тонна, газ қоры 1,35 трлн.текше метрді құрайды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.