Қазақстан Өзбекстанға экспорт көлемін ұлғайтады - Exclusive
Поддержать

Қазақстан Өзбекстанға экспорт көлемін ұлғайтады

Қазакстанның 19 мал шаруашылығы өнімін өндірушісі өз тауарын Өзбекстанға экспорттау құқығына ие болды.

Тиісті келісімге ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевтің Ташкентке сапары барысында қол жеткізілді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 4-6 шілде аралығында Өзбекстан астанасында Түркі агро-форумы, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесі өтіп жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездесті. Тараптар халықаралық күн тәртібінің маңызды аспектілері, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі және гуманитарлық дағдарыс мәселелері бойынша пікір алмасты. Cондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту ниеттерін пысықтады.

Е.Қарашөкеев қазақстандық тараптың Түркі мемлекеттері ұйымдары (ТМҰ) елдеріне отандық өнімнің экспортын ұлғайтуға мүдделі екенін атап өтті.

– Бүгінгі таңда Қазақстанда ТМҰ елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық жеткізілімін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ біз терең қайта өңдеу тауарларын жеткізуді ұлғайтуға қызығушылық танытып отырмыз, – деді министр.

Фото: Акчабар




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *