Қазақстан екінші АЭС құрылысын талқылауға кірісті – Нұрмағанбетов
Энергетика министрінің орынбасары Жандос Нұрмағанбетов ОКҚ брифингінде Қазақстандағы екінші АЭС туралы айтты.
– Қазақстандағы екінші атом станциясы Ертісте Курчатов қаласының ауданында салынуы мүмкін. Егер Қазақстан көміртектік бейтараптыққа жол беретін болса, бірнеше атом электр станцияларын салудан басқа амал жоқ. Яғни, Ертіс – болашағы зор алаң, – деді Энергетика министрінің орынбасары Жандос Нұрмағанбетов
Нұрмағамбетов қазір тиісті талқылаулар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
– Бірінші станцияның табысты іске қосылып, құрылысы басталған соң «Қазақстанда неше атом станциясы болады?» деген сұрақ туындайды. Қазір тиісті талқылаулар жүріп жатыр. Менің ойымша, Қазақстандағы екінші атом станциясы Ертісте, Курчатов қаласының ауданында салынуы мүмкін. Бағдарламаны дайындап, реактор технологиясын, қаржыландыру сызбасын анықтау керек. Министр айтқандай, біз осы жылдың соңында, келесі жылдың басында тиісті ақпаратпен бөлісеміз, – деді ол.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет