Қазақстан мектептерінде президент болып кімдер сайланғалы отыр: жемқорлар ма, сүйіктілер ме әлде оқу озаттары ма? - Exclusive
Поддержать

Қазақстан мектептерінде президент болып кімдер сайланғалы отыр: жемқорлар ма, сүйіктілер ме әлде оқу озаттары ма?

Қазақстан мектептерінде оқушылар арасында мектеп президенттері мен олардың көмекшілерінің сайлауы өтіп жатыр. Мектептегі сайлаудың елдегі сайлауға соншалықты ұқсас болып отырғаны, бізді сондай таңқалдырды. «Төлемейді, ұрлайтын ештеңе жоқ, ештеңені өзгерту мүмкін емес – мұғалімдер мүмкіндік бермейді», – дейді оқушы балалар.

– Мұндай өзін-өзі басқару үрдісі мектептерде бұрыннан қолданылып келеді,– дейді алматы мектептерінің бірінде оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқаратын педагог-ұстаз. Аталған іс-әрекеттер балаларды өзін-өзі басқару дағдыларына үйретуге және олардың бойында көшбасшылық қасиеттерді оятуға бағытталған. Тәрбие жұмыстарының осындай үлгісі – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары пионер және комсомол мектебінен өткен мектептерде өте тиімді саналады. Қазіргі таңда көпшілік қауым өздерінің атқаратын қызметтерін тек уақтылы есеп берумен тығыз байланыстырып жүр. Әсіресе, заманауи ұстаздар қауымы бұған үлкен сеніммен қарайды. Оның үстіне қазір мектептердің рейтингілері әлеуметтік желілерде немесе мектептің ресми сайтында қойылған іс– шаралардан, ашық сағаттардан, көрмелерден, сынып сағаттарынан, солардан алынған фото және бейнематериалдар арқылы анықталады және мұның қаншалықты заңды екенін білмеймін, белгілі бір оқушының нақты жетістіктері мен сәтсіздіктерін бағалау арқылы да анықталу үстінде. Алайда, биыл білім министрлігі мектептерде өзін – өзі басқару бойынша жұмыстарды жандандыруға, балаларды осындай жұмыстарға тартуға шақыра бастады. Бұрын мектеп әкімшілігі көмекшілерін мектеп оқушыларының арасынан өздері таңдаған болса, биылдан бастап сайлау науқаны арқылы жүзеге асып, одан әрі қыза түсті дейді педагог.

…11-сынып оқушысы Дания, мектеп президентін сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Іс-шараның асығыс ұйымдастырылғанына қарамастан (ешқандай сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары болған жоқ, үміткерлердің бағдарламалары тек мәжіліс залында ғана белгілі болды), мектептегі президент сайлауы оған ұнаған көрінеді.

–Қызықты болды, – деп мәлімдеді Дания.

Дания оқитын мектепте алғашында президенттікке алты үміткер болды. Екі оқушы үміткер  қатарынан бірден шығып кетті. Біреуі қорқынышқа бой алдырып, абдырап қалса, ал екіншісінің ақырын сөйлегені соншалық, сайлаушылар тобы оны мүлдем елемеді. Дания қалған төрт оқушыны «Мұғалімнің сүйіктісі», «Жемқор», «Спортшы» және «Оқу озаты» деп төрт топқа бөлді. Оның сыныбынан ешкім өз кандидатурасын ұсынғысы келмеді.

«Төлемейді, ұрлайтын ештеңе жоқ, ештеңені өзгерту мүмкін емес – мұғалімдер мүмкіндік бермейді», – дейді Данияның сыныптастарының бірі, өз кандидатурасын ұсынудан бас тартып. Оның айтуынша сайлауға түсу туралы ойы болғанымен, кандидатурасын ұсынудан бас тартқан. Себебі, біріншіден уақыттың тапшылығы, оған  үздік жоғары оқу орнына түсуге дайындалу қажет болады, екіншіден – ол көптеген сыныптастары сияқты немқұрайлы, өзі айтқандай, сен маған тиіспе, мен де саған соқтықпаймын тәрізді принципті ұстанатын оқушы.

Үшінші сыныпта «Абай жолын» оқып, мектеп мұғалімдерін тәнті етіп қуаныш-шаттыққа бөлеген «мұғалімнің сүйіктісі» барынша көп дауыс жинады. Өзінің сайлауалды бағдарламасын нақышына келтіріп таныстыра отырып, өзінің түпкілікті ойын мәлімдеді. Осылайша ол президент болып сайланған жағдайда мектеп жұмысын аптасына кемінде бір рет мектепке еркін киіммен келуге болатындай етіп жасауға тырысатынын жеткізді, бұған сайлаушылар тобы ду қол  шапалақтады. Алға қойған тағы бір мақсаты –кеңсе блогын құруға уәде берді, сөйтіп үйінде дәптерлері мен қаламдарын ұмытып кеткен оқушыларға сол жерден қарызға алуға немесе сатып алуға жағдай жасау. Сондай-ақ ол әлеуметтік желілерде, мектеп радиосында тікелей эфирде хабар таратуға, осылайша тапсырыс бойынша әндер шырқалатынына, демалыс орындарын ұйымдастыруға, гаджеттерді зарядтау мүмкіндігіне және басқа да «керемет» нәрселерге уәде берді.

Қысқасы,  Данияның айтуынша электораттың әйелдер қауымы дауыстарын мұғалімнің сүйікті» оқушысына берген, себебі ол өзіне ұқыпты қарайды, ұзын бойлы, кең иықты, дене бітімі жақсы дамыған, өзіне сенімді оқушы. Мұны Данияның өзі де мойындап отыр.

Танымалдығы жағынан екінші орынды «Жемқор» оқушы еншіледі. Ол өз идеяларын жарнамалауға және сатуға болатын би кештері мен тікелей телеэфирлерге уәде берді. «Әрқайсыңыз табыс табуға мүмкіндік аласыздар»,- деді сайлаушылар тобына. «Жемқор» президент болып сайланатын болсам, онда мектеп асханасында әрдайым жаңа піскен жемістер мен көкөністер болады деп уәде берген сәтте («балалар жыл бойы түрлі дәрумен алуы керек»), алдыңғы қатарда отырған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары шыдай алмай кетті:

– Бос сандырағыңды қой. Мектеп бюджеті мұны көтере алмайды,- деді.

Айтпақшы, ол сайлау алдында мектеп асханасында тоқаш, бәліш, шай және шырындармен сайлаушылардың үнемі аш-құрсақ жүретін ерлер қауымын тегін тамақтандырып жүретіндіктен «Жемқор» деген лақап атқа ие болды. Шақырылғандардың арасында қыздар болмағандықтан, олар мұндай жаңалықты бүкіл мектепке таратып үлгерді. Мұндай әрекет дауыс беру кезінде мектеп президенттігіне үміткердің рейтингін ішінара төмендетіп жіберді.

Үшінші орынға «Оқу озаты» қол жеткізді. Оның сайлауалды бағдарламасы ақылға қонымды бағдарлама ретінде қабылданды. Ол екі тілде, атап айтқанда мемлекеттік және орыс тілінде – мектепте кітап клубын ұйымдастыратынын, қиын жағдайға тап болған оқушыларға психологиялық көмек көрсететінін, сондай-ақ жақсы оқитын оқушылардың әлсіз оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеруіне күш салатынын айтты.

«Мектептен кейінгі қосымша курстарды ата-аналардың барлығы бірдей төлей алмайды»,- деді «Оқу озаты».

Оның бағдарламасы көпшілікке ұнады, Данияның да көңілінен шықты, алайда оған сайлаушылар тобы «Мұғалімнің сүйіктісіне» және тіпті «Жемқорға» қарағанда әлдеқайда аз дауыс берді. Неліктен? Дания иығын қомдай түсті. «Бәлкім, «Оқу озаты» қазақ сыныбынан, ал «Мұғалімнің сүйіктісі» орыс сыныбынан болғандықтан шығар, біз ынтымақтастық сезімін басшылыққа ала отырып, оған дауыс бердік»- дейді.

Ең аз дауыс жинаған спорт шеберлігіне үміткер «Спортшы» болды. Оның бұлшық еттерін көпшілікке көрсеткені, өзі және спорттағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі баяндап бергені, ал мектеп өмірін қалайша қызықты етіп құратыны жайлы қысқа қайырып айтқаны электоратқа ұнамады. Бір ғана айтқаны –мектепте барлық оқушы спортпен белсенді түрде айналысатын болады деді, сондай-ақ туризмді де дамытатынын жеткізді. Қалайша жүзеге асыратынын мәлімдеген жоқ.

Дауыс беру ашық түрде болуы үшін электронды дауыс беруді балалардың өздері ұсынды, алайда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына, шамасы, басы артық проблемалар қажет емес сияқты көрінді, сондықтан ол дауыс беру қағаз түрінде болатынын айтып, сайлау қорытындысын мұғалімдердің өздері оқушылардың қатысуынсыз есептеп шығаратынын мәлім етті. Осылай болады деп өзінің ойын үзілді-кесілді жеткізді.

Ұзын сөздің қысқасы, мұндай әрекеттер үнемі болып тұратын құбылыс саналады. Мектептерде президент болып мұғалімдерге қолайлы, ыңғайлы оқушы сайланады, – дейді бізге таныс мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. – Біздің қоғамды проблемалардан, қиындық атаулыдан аулақ болуға бейімдеп, үйретіп тастаған, бізде өзіндік пікір-пайымы бар, бастамашыл, іскер және озық адамдарды ешқашан жақтырмайды. Ал мектеп дегеніңіз – қоғамның шағын үлгісі болып табылады, яғни  өзін-өзі басқару демек, біздің күш-қуатымыздың, биліктің түпбейнесі, болашақ үлгісі.

Шамасы, мұндай құбылыс шындық ретінде қабылданатын сияқты. Данияның айтуынша, мұғалімдердің қойған талаптарын сынап, мұндай талаптар қисынсыз деп министрлікке телефон шалып, шағым жасаған оқушы баланың әрекеттері, оның басқа мектепке ауысуы сыныптың қуанышты кезеңі ретінде қабылданған. Әрине, мұғалімдер оның  басқа мектепке кетуіне жол бермеу үшін барынша тырысып баққан. Содан кейін мектепте тексерулер басталған. Осылайша ол, мәселен, гаджетке жүктелген оқулықтармен сабаққа келуге қол жеткізген көрінеді. Өзге оқушылар оған жай ғана қызғанышпен қараған, бірақ әкімшілікпен қақтығысқа баруға батылдары жетпеген (батылдары қалай жетсін, алда аттестат), оның үстіне оқушылардың өздері пайдасыз деп санайтын әрі түрлі қателерге толы оқулықтар салынған ауыр рюкзактарды алып жүруді жалғастыра беретін болады.  Ендігі жерде олар өздеріне өтемақы ретінде осындай қателіктерді тауып, мұғалімдерге барынша жеткізуді жұбаныш санайтын болады дейді ұстаз.

Егер мұндай оптимистік пиғылдағы әрі атышулы оқушы жігіт басқа мектепте ауысып кетпегенде,  Дания оның сайлауға міндетті түрде қатысатынына сондай сенімді. Ол қоғамдық өмірді және жалпы алғанда көпшілік назарында жүргенді жақсы көреді дейді Дания. Бірде көңіл көтеру, қуаныш сыйлау мақсатында ұлттық костюм киіп алып, бүкіл мектепті гитарамен ән айтып қарсы алған болатын. Ол өте патриот оқушы. Үйінде қонақта болған сыныптастары оның бөлмесінде Қазақстанның туы (жалауша емес) мен президенттің портретін көрген кезде ауыздарын ашып қалған көрінеді…

«Ол жеңіске жететін еді». Мен оған сенімдімін дейді оқушы қыз.  – Егер дауыстарды санау дұрыс болмаса, жанжал шығарудан қорықпаған болса, онда …

Мерей Сугирбаева




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.