Қазақстанда әділетті сот болады дегенге сенбеймін – Мамай - Exclusive
Поддержать

Қазақстанда әділетті сот болады дегенге сенбеймін – Мамай

Алматыда Жанболат Мамайдың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Судья журналистерге сот отырысынан сурет түсіруге рұқсат берді.

Сот отырысына БАҚ өкілдерін қосқанда 40-50-ге жуық адам қатысқан.

– Бұл саяси тапсырыспен жасалып отырған сот процесі деп санаймын. Азаматтарға күш қолданған, қарапайым адамдарға оқ атқан полицейлерді қарабет деп атағаным рас. Бұл ойымнан таймаймын. 12 наурыз күні жалған ақпарат тараттың деп абақтыға қамады. Кейін тағы екі бап ілді. Әлемдік ұйымдар мен журналистер, халықтың қолдауының арқасында жартылай бостандық алдым. Мен Қазақстанда әділетті сот болады дегенге сенбеймін. Ақордадан қандай тапсырма берсе, сот сондай шешім шығарады, – деді Жанболат Мамай.

Саяси белсенді өзіне тағылған айыппен келіспейді және кінәсін мойындамайды. Сондай-ақ сотқа қатысқан полицей нақты дәлел келтіре алмай, сұрақтарға дұрыс жауап бермегенін айтты.

Фото: Тіл кеспек жоқ

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.