Қазақстанда бензиннің шекті бағасы бекітілді
Энергетика министрлігінің «Мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы», «Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрықтары күшіне енді.
Бұйрыққа сәйкес, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы – литріне 187 теңге. Екі облыстағы баға бөлшек-сауда сатушылардың мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан алыстығынан логистикалық шығындармен байланысты қойылған. Қазақстанның басқа облыстарында баға – 182 теңге.
Дизель отынына шекті бағалар өзгермейді:
– Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында баға – литріне 260 теңге;
Айта кетейік, бұйрық жобалары 2022 жылғы 23 маусымда «Ашық НҚА» сайтында 2022 жылғы 8 шілдеге дейін онлайн-талқылау мүмкіндігімен жарияланды. Аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен келісу кезеңінен өтті, сондай-ақ Қоғамдық кеңесте қаралды.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет