Қазақстанда еркектер декреттік демалысқа шыға бастады - Exclusive
Поддержать

Қазақстанда еркектер декреттік демалысқа шыға бастады

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер туралы айтты.

Мемлекеттік қор басшысының айтуынша, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру қатысушысына төленеді.

– Әлеуметтік төлем бір жылға дейін бала күтімімен айналысатын ата-анаға төленеді. Ол баланың анас немесе әкесі болуы мүмкін, ата-аналардың құқығы бар және ол шектелмейді. Бірақ мұндай төлем балаға қарау үшін табысын жоғалтқан ата-анаға төленеді, – Нұрсұлу Кемел ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар, декреттік демалысты алу туралы шешімді әкесі қабылдаса, ол ресми түрде жұмысқа орналасуы және әлеуметтік есептеулер жүргізуі керек.

– Өткен жылдың мәліметтері бойынша, 385 мың азаматқа бір жасқа дейінгі бала үшін мұндай төлемдер тағайындалды, олардың шамамен 3,5 мыңы – бір жасқа дейінгі бала күтімімен айналысуға шешім қабылдаған және осыған байланысты еңбек табысынан айырылған ер адамдар, өйткені олар бала күтімі бойынша декреттік демалыс алды. Біз мұндай ер адамдарға ешқандай тыйым салмаймыз, – деді Нұрсұлу Кемел.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.