Қазақстанда нан бағасы 250 теңгеге дейін қымбаттайды
Сарапшылар Қазақстанды нан бағасы 250 теңгеге дейін қымбаттайтынын айтты.
Негізгі себеп ұн бағасының күрт өсуі болып отыр. Астық өңдеушілер ресейлік өндірушілердің ағынына алаңдаулы.
– Нан 250 теңгеден қымбат болады. Барлық Кеден одағына қатысушы елдер арасындағы сауда саясатын ажыратудың шешілмеген мәселелері біздегі осы өнімдердің бағасында үлкен алыпсатарлықтың пайда болуына алып келеді. Сондықтан нан бағасы қымбаттайтынына таң қалмаңыз, – деді экономист Айман Тұрсынқан
Atameken Business мәліметінше, қазір шетелге дайын өнім емес, шикізат сатылып жатыр. Соның салдарынан елде шикізат қоры азайған.
Айта кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты әлемде біздің ұнға сұраныстың артқанын растады.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет