Қазақстанда оқу жылы ұзаруы мүмкін
Қазақстандағы оқу жылы екі аптаға ұзаруы мүмкін. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес бірінші сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда 36 оқу аптасын құрайды.
– Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын арттыру бір күндегі сабақтар санын азайтуға, күрделі тақырыптарды оқу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді, – делінген түсіндірме жазбада.
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығында),
қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтар аралығында),
көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурыз аралығында);
1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында).
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет