Қазақстанда сәләфизм мен уаххабизмге тыйым салуды талап еткен петиция жарияланды
Қазақстан бойынша сәләфизм мен уаххабизмге тыйым салуды талап еткен петиция жарияланды. Петиция авторы – Мирас Ермекұлы.
Қазіргі уақытта 2000-нан астам адам қол қойған петиция мәтінінде 2020 жылы Ақтау мен Жаңаөзенде ҰҚК қызметкерлері адам ұрлау фактісі бойынша салафизм діни ағымының бір топ азаматтарын ұстағаны туралы жазылған.
– 2016 жылдың 14 қазанында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың сәләфизмді ұстанушылар өздерінің идеялары мен құндылықтарын ұлттық салт-дәстүрімізден, мәдени және рухани құндылықтарымыздан жоғары қоятынын атап өткенін жазған. Ермекбаев «салафизм – ұйым емес, діни ағым және сенім жүйесі» екенін атап өтті. Бұл ұстанымды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы толық қолдады, – делінген жазбада.
Петиция авторының айтуынша, петицияның мақсаты – діни алауыздықты қоздырмай, қоғамның және Қазақстан Республикасындағы конституциялық құрылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
– Ислам – бейбіт дін. Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстанда салафизм мен ваххабизмге заң жүзінде тыйым салуды талап етеміз! – делінген жазбада.
Коллаж: sn.kz
5 Комментариев
Қолдаймын
Қолдаймын. Бұларға тыйым салынсын.
Қатаң түрде тыйым салу керек. ҚОЛДАЙМЫН!
Қолдаймын. Тыйым салынсын!
Қолдаймын