Қазақстанда такси қызметі қымбаттады
Қазақстанда бір жыл ішінде такси қызметі 11 пайызға қымбаттады. Республикада бір километрге арналған стандартты тариф 0,35 долларды құрады.
Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, Түркістан облысында такси қызметінің құны өскен. Екінші және үшінші орындарда Алматы және Атырау облыстары тіркелді. Ең төменгі жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында бағалар бір жыл бұрынғы деңгейде қалған.
Мемлекеттер арасында ең арзан такси Пәкістанда тіркелді (1 шақырымға 0,19 доллар), Швейцарияда (4,02 доллар), Кувейтте (3,25 доллатр) және Сальвадорда (3 доллар).
Сонымен қатар, Қазақстанда такси қызметін көрсететін компаниялардың кірістері 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 2,59 миллиард теңгені құрады, бір жыл бұрынғы кіріс құны 2,45 миллиард теңгеге жеткен.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет