Қазақстандық дәрігерлер экс-министр Біртановқа араша сұрады - Exclusive
Поддержать

Қазақстандық дәрігерлер экс-министр Біртановқа араша сұрады

Қазақстандық дәрігерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық іске назар аударуды сұрады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Facebook парақшасында қазақстандық медицина қызметкерлерінің ел президентіне үндеуін жариялады. Дәрігерлер экс-министр мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық іс бойынша бейтарап және әділ шешім шығаруға жәрдемдесуді сұрайды.

– Еліміздің барлық дәрігерлері осы істі екі жыл бойы мұқият қадағалап отырды. Өкінішке орай, азаматтардың басым көпшілігінде және ең алдымен медициналық қоғамдастықта сот шешіміне қатысты наразылық туындап, келіспеушіліктер орын алды, – деп жазылған хаттың мәтінінде.

Медицина қызметкерлері сотта айыптаушы тарап сотталушылардың кінәсін дәлелдей алмады деп санайды. Еске салайық, судья Ибрагим Әлкенов Біртановты санавиация эпизоды бойынша толық ақтап, оны және Әбішевті медициналық платформа бойынша кінәлі деп тану туралы қаулы шығарған болатын.

Біртанов – бес жылға, ал Әбішев – 361-бап бойынша төрт жылға сотталды. Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев апелляциялық шағым түсірді.

Фото: tengrinews.kz

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.