Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында рекорд орнатты
Қазақстандық жеңіл атлет Каролин Чепкоеч Кипкируи әлем чемпионатында жетінші орынға ие болды.
Olympic.kz мәліметінше, әйелдер арасындағы 10 000 метрге жүгіру кезінде спортшы рекорд орнатқан – 30:17.64.
Қазақстанның тағы спортшысы финалға шықты. Кедергілері бар 3000 метрге жүгіру кезінде Нора Джеруто бірінші орынға шықты. Ол жарысты 9:01.54-те аяқтады. Джеруто алтын медаль үшін күресте басты үміткер.
Биіктікке секіруде Надежда Дубовицкая да әлем чемпионатының финалына шықты. Әлем чемпионаты 24 шілдеге дейін жалғасады.
Фото: Prosports.kz
Комментариев пока нет