Қазақстандық спортшы UFC турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық спортшы Сергей Морозов Лас-Вегастағы UFC Fight Night 216 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті.
Морозовтың қарсыласы – Джорни Ньюсонға. Деңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Морозов жеңімпаз атанды.
Осылайша, Сергей Морозов ММА-да кәсіби мансабында он тоғызыншы жеңіске жетті.
Морозов жекпе-жектен кейін сұрақтарға жауап беріп, жекпе-жекке Қазақстанда дайындалғанын атап өтті.
– Қазақстанда және American Top Team-да дайындалдым. Дайындық жақсы болды. Өзімді де жақсы сезініп тұрмын, – деді Морозов.
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC
Комментариев пока нет