Қазақстандық жаттықтырушы Ыстықкөлде жол апатынан қаза тапты - Exclusive
Поддержать

Қазақстандық жаттықтырушы Ыстықкөлде жол апатынан қаза тапты

Ыстықкөлдегі Бұлан-Соготту ауылында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Мұрат Жүзгенбаев жол апатынан қаза тапты. Ол жүгіру кезінде оқушысын ертіп жүрген. Оқушы қыз зардап шеккен жоқ.

– 16 шілдеде сағат 07:40 шамасында Ыстықкөл ауданы ІІБ кезекші бөліміне Бұлан-Соготу және Бостери ауылдары арасында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы Бішкектің 41 жастағы тұрғыны «Lexus-330» автокөлігімен Балыкчы-Ананьево – Каракол автожолында «Nissan micra» автокөлігімен соқтығысқанын анықтады. Олар Қазақстаннан келген 58 жастағы Мұрат Жүзгенбаевты қағып кетті, – деп хабарлады Ыстықкөл облыстық ІІБ баспасөз қызметі.

Қазақстан азаматы оқиға орнында көз жұмды. Бұл факт Ыстықкөл ауданының ІІБ электрондық ақпарат журналында тіркелді. Барлық жиналған материалдар тергеу қызметіне жіберілді. Жүргізушілерге спирттік ішімдіктерді тұтыну мәніне тиісті сараптамалар мен медициналық куәландыру тағайындалды.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.