Қазақстаннан 500 млрд долларға жуық ақша шығарылған – Қайсаров
Қазақстан заңсыз шығарылған активтерді халықаралық соттарға талап-арыздар жазу арқылы қайтару қажет.
Бұрынғы Сенат депутаты Уәлихан Қайсаров пен тәуелсіз қаржы талдаушысы Андрей Чеботарев Atameken Business телеарнасының эфирінде осындай пікір білдірді.
Қайсаров пен Чеботарев активтерді қайтару бойынша басталған науқанның тиімділігіне түсінік бере отырып (Бас прокуратураның деректері бойынша 230 миллиард теңге қайтарылды), бұл процесстің жылдам болмайтынын айтты. Қазақстанның талап-арыздары халықаралық соттарда қаралған жағдайда жекелеген активтерді қайтару бес-жеті жылға созылуы мүмкін.
Уәлихан Қайсаровтың айтуынша, қазір заңсыз шығарылған активтерді қайтару ерікті-мәжбүрлі негізде жүріп жатыр.
– Бұл жерде мәселе әлдеқайда күрделі. Үш-төрт жыл бұрын Қазақстаннан тәуелсіздік жылдары 500 миллиард долларға жуық ақша шығарылған деген әңгіме бар. Мен сенатор болған кезде Қазақстаннан айына төрт-бес миллиард доллардан шығарылғанын білемін. 500 миллиард долларлық көрсеткіш шындыққа жақын болуы мүмкін. Бірақ мұнда бір маңызды сәтті ескеру қажет. Бас прокуратура бұл активтерді қайтаруды сұрауы мүмкін. Бірақ демократиялық елдерде, әсіресе АҚШ-та, Еуропада бұл ақша қайтарылмайды. Олар соттың, қазақстандық соттың заңды шешімі болған жағдайда ғана оралады. Бұл шешім заңды шешім ретінде қабылданады, – деді Уәлихан Қайсаров.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет