Қазақстанның  Өзбекстаннан үйренері - Exclusive
Поддержать

Қазақстанның  Өзбекстаннан үйренері

Қазақстанның цифрлық даму министрлігі Қазақстанда 5G белсенді түрде енгізіліп жатқанын, байланыс сапасының жақсарып келе жатқанын және тұтастай алғанда «Токиодан жақсымыз» деген үндеумен үнемі мақтанып келеді. Алайда,  пайдаланушылар тарапынан интернеттің сапасына шағымдар көптеп түсуде. Министрлік мұны тарифтердің төмендігімен түсіндіріп отыр. Дейтұрғанмен бағасы айтарлықтай төмен көршіміз Өзбекстанда интернеттің сапасы аз уақыттың ішінде бізге қарағанда анағұрлым жақсы жолғп қойылған көрінеді.

Exclusive.kz журналисі осы жылдың сәуір айында Өзбекстанды аралап шыққан-ды. Көрікті жерлерді аралай отырып, мемлекеттік басқарудағы айырмашылықтарды өз көзіммен көру, екі ел арасындағы бір-біріне ұқсас кейбір өзекті мәселелерді шешу тәсілдерінің айырмашылығын зерттеу  жүрналистке қызықты көрінді.

Өзбекстан экономикалық тұрғыдан Қазақстанға қарағанда біршама нашар дамығаны ешкімге құпия емес. Қазақстан Республикасының жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 2023 жылдың аяғында 13,3 мың долларды құраса, Өзбекстанда бұл көрсеткіш 5,3 есе аз, яғни  2,5 мың доллар шамасында. Көршілес елдің экономикасының мұндай төмен дамуының көптеген себептері бар, оның негізгілері ретінде Каримов диктатурасы тұсындағы ұзақ тоқырау кезеңін және соның салдарынан біз бұрын жазған көлеңкелі экономиканың үлкен көлемін атауға болады. Дегенмен, қазір көптеген мәселелер жылдам шешіле бастады. Олардың арасында Интернеттің дамуында атап өткен жөн.

Каримов тұсында билік интернетті қасақана дамытпауға тырысып бақты. Каримовтың өзі «Интернеттің маңыздылығы мен шексіз мүмкіндіктерін ешкім жоққа шығара алмайтынын» және мемлекет «отандастарымыздың интернет мүмкіндіктерін көбірек пайдалануға деген ұмтылысын толығымен қолдайтынын» айтқан-ды. Алайда, желіге қолжетімділікті дамыту немесе жақсарту туралы тікелей әңгіме болған емес.

Өзбек мемлекетінің басшысы Ислам Каримов қол жетімділіктің аз болуы керек екенін меңзей отырып, санасы нәзік жастарды адастырғысы келетін деструктивті күштер интернет мүмкіндіктерін өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарына пайдаланғысы келеді» деп мәлімдеген еді. Қазір белгілі болғандай, ол бұқаралық коммуникацияларды бақылау орталығына және команданың ұлттық провайдерлеріне жылдамдықты төмендетуді және өзіне ұнамайтын ақпараты бар сайттарға кіруді бұғаттауды тапсырған. Оның үстіне 2012 жылы екі телекоммуникациялық компанияның қызы Гүлнармен заңсыз байланысы бар екені анықталды. Гүлнар  рейдерлік жолмен МТС-тің тең құрылтайшысына айналды,  ал «Билайн» онымен және оған қатысы бар адамдармен 900 миллион доллардан астам сомаға мәмілелер жасаған.

– Егер Өзбекстанда интернеттің дамуы және тұтастай алғанда елдің дамуы туралы айтатын болсақ, онда сіз қызықты жағдайларға тап боласыз. Экономиканың барлық салаларында жыл сайын статистика оң бағытқа артып келетінін, астық шаруашылығы, мақта шаруашылығы және т.б.  жақсара түскенін аңғарасыз. Бізде тіркелген газеттер мен журналдардың саны өте көп, алайда мұндай жағдай оларды оқуға болады және адамдар осы көптеген газеттерді оқығаннан кейін елдегі болып жатқан жағдайлардан хабардар дегенді дегенді білдірмейтіні анық. Яғни, өзбек режимі цифрларды өз пайдасына қалай пайдалану керектігін көптен бері қолға алды деп айтуға болады. Интернет туралы да солай айтуға болады. < ……> Интернеттің екі жауы бар: бірі — Ислам Каримов режимі, ол ең алдымен елдегі жағдай туралы сыни нәрселер жазатын саяси сайттарды бұғаттайды, мен тіпті сыни емес, шынайы деп айтар едім. Екіншіден, менің ойымша, интернеттің маңызды жауы- бұл елдегі өте күрделі экономикалық жағдай, — деп мәлімдеген-ді 2007 жылы DW  басылымына берген сұхбатында журналист Галима Бухарбаева.

Дәл осы себепті Өзбекстан ұзақ уақыт бойы халықаралық рейтингтер бойынша байланыс ең нашар дамыған он елдің қатарына кірген-ді, ал Каримовтың өзі 2009 жылы КХДР, Қытай, Түрікменстан, Сирия, Сауд Арабиясы, Мьянма, Куба және басқа елдердің басшыларымен бірге «Шекарасыз репортерлар» ұйымының «интернет жаулары» тізіміне енгізілді» Интернеттің өте жоғары құны, интернетке қол жетімділіктің әдейі төмендетілген техникалық мүмкіндіктері, желідегі ақпаратты мұқият сүзгіден өткізу және т.б. мәселелері бойынша интернеттің жауына айналған-ды.

2016 жылы Каримов қайтыс болғаннан кейін және билікті бұрынғы премьер-министр Шавкат Мирзиеевке тапсырғаннан кейін жағдай күрт өзгере бастады. Мәселенің пайымын түсініп көрсек. Каримов қайтыс болғанға дейін Өзбекстандағы халықаралық деректерді беру желісінің өткізу қабілеті, ресми деректер бойынша, 16,07 Гбит/с құрады, салыстыру үшін айтар болсақ, Қазақстанда сол кезеңде ол шамамен 300 Гбит/с-қа жеткен-ді. Каримов қайтыс болғаннан кейін бір жыл өткен соң, Өзбекстанда өткізу қабілеті 64,2 Гбит/с-қа дейін өсті, тағы бір жылдан кейін, 2018 жылы – 1120 Гбит/с дейін жетті.

Қазір Өзбекстанда интернетті жеке тәжірибеге сүйенсек осындай жоғары сапа мен қолжетімділік деңгейіне қол жеткізді. Ташкенттен Бұхараға, Бұхарадан Самарқандқа және Самарқандтан Ташкентке пойызбен жүріп-тұру кезінде ұялы байланыс бірде-бір рет өшпеді және барлық уақытта дерлік 4G деңгейінде қалды, тек бірнеше мәрте ғана баяулады. Дәл осы тұста Қазақстанның көптеген қалаларында мобильді интернет пойыз өз жолын бастаған сәтте жұмысын толығымен тоқтатқан. Тіпті (мысалы, Астанада «Нұрлы Жол» жаңа теміржол вокзалында) адамдар перронға жақындаған кезде интернеттің өшіп қалатыны белгілі.

Бір қызығы, өзбекстандықтар мұндай нәтижеге өте қысқа мерзімде, соңғы 4 жылда ғана қол жеткізді. 2020 жылы, Datareportal мәліметтері бойынша, Өзбекстандағы интернет ел тұрғындарының жартысына ғана қол жетімді болды. Содан кейін тек 18,3 миллион қолданушы тіркелді және ұялы байланыстың орташа жылдамдығы 9 Мбит/с – тан аспады, тіркелген (үй) — 22,5 Мбит/с.

– Осы уақытқа дейін 2G мобильді желілерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінде барлық жобалар 3G/4G желілерін қамтуды кеңейтуге бағытталған. атап айтқанда, биыл ғана 2200–ден астам 3G/4G базалық станциялары орнатылып, іске қосылды, — деп мәлімдеді 2020 жылғы сәуірде Өзбекстан Республикасының цифрлық технологиялар министрлігі.

2020 жылы Мирзиеев «Цифрлық экономика мен электрондық үкіметті кеңінен енгізу жөніндегі шаралар туралы» Қаулыға қол қойып, цифрлық технологияларды енгізу бойынша көптеген жобаларды іске асыруды көздейтін «Цифрлық Өзбекстан-2030» стратегиясын қабылдады. Стратегия ресми түрде қысқа уақытта, екі жылдың ішінде елді- мекендердің интернетке қосылу деңгейін сол кезде тіркелген 78%-дан 95%-ға дейін кемінде 10 Мбит/с жылдамдықпен арттыру қажеттігін белгіледі. 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық танымал туристік орындарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету міндеті бөлек мәлімделді.

Мұндай стратегияны қаржыландыру үшін жеке жарлық қабылданды, оған сәйкес 2020 жылдың қараша айынан бастап инвестициялық жобалардың, халықаралық қаржы институттарының, шетелдік үкіметтік қаржы ұйымдарының және донор елдердің жалпы қаражатының кем дегенде 5%-ы цифрландыруға бағыттала бастады.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап Өзбекстан үкіметі ұялы байланыс операторларына бөлінген радиожиіліктер шегінде жұмыс істейтін жабық үй-жайларда байланыс ұйымдастыруға арналған базалық станцияларды пайдалануға рұқсат беру талабын алып тастады. Ұялы байланыс операторлары үшін Өзбекстанға радиоэлектрондық құрылғылар мен жабдықтарды сатып алуға, орнатуға, жобалауға және салуға рұқсат алмай-ақ әкелуге рұқсаттарды ресімдеу құқығы берілді және құрылыс, монтаждау, реконструкциялау, сынақтар жүргізу, коммерциялық мақсаттарда пайдалануды ұйымдастыру, қолданыстағы телекоммуникациялық желілер қондырғыларының конструкциясын өзгерту және жарақтандыруды кеңейту жөніндегі жұмыстарды аяқтаудың хабарлама жасау тәртібі енгізілді. Бұл тұжырымдаманы жүзеге асыруға және байланыстың қолжетімділігін одан да тезірек жақсартуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, 2021 жылдың басында Өзбекстанда 3/4G енгізу туралы ғана емес, сонымен қатар 5G-технологияларды дамыту бойынша жобаларды іске асыру туралы да айта бастады. Алғашқы 15 базалық станция сол кезде ел астанасының Tashkent city іскерлік кварталында орнатылды. Өзбекстан мұны Орталық Азияда бірінші болып жасады, алайда кейіннен 5G енгізу тоқтап қалды. Соңғы жаңалықтарға сәйкес, 2024 жылдың соңынан бастап барлық ірі қалаларда ұялы байланыстың бесінші буынын кезең-кезеңімен өрістетуге Nokia компаниясы Өзбекстанның ұялы байланыс операторларының біріне көмек көрсететін болады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және 2021 жылғы маусымда интернет сапасын жақсарту бойынша жасанды емес жұмыстарды ынталандыру үшін «Узкомназорат» мемлекеттік инспекциясы операторлар мен провайдерлерге ұсынылатын жылдамдық туралы нақты ақпаратты көрсетуге міндеттеді.

Егер сіз 100 Мбит/с интернет жылдамдығын сатып алсаңыз, онда 100 Мбит/с қол жетімді болады. Одан аз болмайды. Енді «100 Мбит/с дейін» деген ұғым болмайды. Біз барлық провайдерлерден «бұрын» деген сылтауды толығымен алып тастаймыз және олардан мүмкіндігінше жоғары сапалы интернет қызметтерін көрсетуді талап ететін боламыз», – деп мәлімдеді Премьер-Министрдің кеңесшісі, ақпараттық технологияларды, телекоммуникацияларды және инновациялық қызметті дамыту мәселелері жөніндегі департаменттің бастығы Олимжон Омаров (осы жылы цифрлық технологиялар министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды).

Содан бері Өзбекстанда Қазақстаннан айырмашылығы, телекоммуникация компанияларының «Біз 500 Мбит/с жылдамдықпен қамтамасыз ете аламыз» деген дерексіз уәделер жоқ, мұндай уәдклкр пайдаланушыларға ешқашан берілмейді.  «Біз осы баға үшін сізге осы жылдамдықты дәйекті түрде қамтамасыз ететінімізге кепілдік береміз.» тәрізді жалған ұран жоқ.

Қазір Datareportal мәліметтері бойынша Өзбекстанда 29,5 миллион интернет пайдаланушысы (немесе ел тұрғындарының 83,3%-ы) және 33,8 миллион ұялы байланыс пайдаланушысы (тұрғындардың 95,5%-ы) бар.

Өзбекстандағы мобильді интернеттің медианалық жылдамдығы әлі де идеалды емес — 24,7 Мбит/с. Алайда, жоғарыда айтылғандай, мемлекет қабылдаған шаралардың нәтижесінде ол елдің негізгі қалаларының барлық бөліктерінде және пойыз сапарлары кезінде тұрақты түрде жұмыс істейді. Ал Қазақстанда белгіленген медианалық жылдамдық 35,5 Мбит/с. Істен жиі шығады, мәселен Алматының «алтын кварталында»» да Exclusive.kz журналисі уәде етілген орташа мәннің орнына ұялы байланыс операторының жылдамдығын 6-9 Мбит/с заманауи стандарттар бойынша өте төмен деңгейге дейін түсетінін тіркеді. Бірақ Өзбекстанда тіркелген (үйдегі) интернеттің орташа жылдамдығы Қазақстанға қарағанда сәл жоғары: Өзбекстанда – 55,45 Мбит/с, Қазақстанда – 51,41 Мбит/с.

Өткен жылы сол кезде цифрлық даму министрі, қазір «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының басшысы Бағдат Мусин елімізде қалыптасқан интернет сапасын трафикті жоғары тұтынумен және арзан тарифтермен ақтауға тырысқан еді. Оның мәлімдемелерінен кейін барлық ұялы байланыс операторлары бір мезгілде бағаның өскенін жариялады. Ал бұл кезде Өзбекстанда интернет тұрақты бола түсті, құны едәуір төмен, сонымен қатар министрлік қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін бағаны төмендетуді тырысып баққан-ды.

Тарифтердің құны Өзбекстан мен Қазақстандағы мобильді операторлардың бірінің интернет-пакетімен салыстыру скриншоттарда ұсынылған.

Бұдан қандай қорытынды жасауға болады? Біздің шенеуніктерге азаматтардың сөздерін тыңдап, жоқ дегенде көрші елдерге сапар шегу кезінде шындықты салыстыра отырып, өздерінің ашуларын бәсеңдетіп  шындықты мұқият қадағалап отыруы керек тәрізді. Өйтпейінше, интернетті осы уақытқа дейін жасалып жатқан тәсілмен «дамыта» беретін болсақ, біз «Токиодан жақсы рейтингке ие болдық» деген ақылға сыймайтын  мәлімдемелер арқылы, жағымсыз ақпаратты жасырып, жауапкершілікті провайдерлер мен Илон Масктың мойнына жүктейтін болсақ — бұл жақсылыққа соқтырмайтын Ислам Каримовтың үлгісіне ұқсайтын жол болады.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Премьер-Министр Олжас Бектенов операторлардың байланыс тарифтерін негізсіз көтеруін болдырмауды және үш ай ішінде желі сапасын жақсартуды тапсырған болатын. Мерзімі өтіп жатыр. Бір ай өтті, енді екі ай қалды. Тапсырманың көршіміз сияқты қысқа мерзімде жағдайды нақты жақсартуға қалай жетелейтінін көретін боламыз…

Жалпы, желіні дамытудың қажеттігі туралы мәселе қазақстандықтарды алға итермеледі. Бұрынғы Премьер-министр Смайылов Бағдат Мусинге 2023 жылдың қыркүйегінде нашар мардымсыз интернет мәселесін шешуді тапсырған-ды, ал 2023 жылдың қаңтарында Қазақстандықтардың наразылықтары мен сапасыздығы туралы шағымдарына байланысты ескерту жасап, «жақсы байланыс кейде тіпті үлкен қалаларда да жоқ» деп атап өткен болатын.  Ал бұл жолы интернет сапасына қатысты мәселелерді талқылау кезінде тіпті үкіметтің өзі интернеттен қағылды.  Жаңа министр Жаслан Мәдиев мәселені шеше ала ма?

Бұған дейін Exclusive.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жұмысын «Қазақстан Павел Дуровтың алдында мақтана ала ма?» деген материалда егжей-тегжейлі талдаған болатын.

Максим Елизаров




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *