Қазақстанның бүгінгі сұр кардиналы - Exclusive
Поддержать

Қазақстанның бүгінгі сұр кардиналы

Қазақстанның бизнес-кеңістігінде алапат дауыл өршіп тұрса да, оның негізгі ошағы әзірге тұрақты. Бұл – бойын көпшіліктен аулақ ұстайтын қарапайым әрі сүйкімді көрінетін бизнесмен әрі белсенді қоғам қайраткері Юрий Цхай басқаратын империя.

Бір қарағанда ешкім аңғара бермейтін Ни Владимир Васильевич тұңғыш президенттің барлық осал тұстарын, алайда осының бәрін ақылмен әрі байсалдылықпен қолданғанын жақсы білетін-ді. Сол себепті де «Ни атамыз» Қазақстанда тұратын корейлердің көкесі болып саналатын-ды.

Әңгімені қолға алынған тамаша жобаның тарихынан бастасақ. Осыдан 17 жыл бұрын БАҚ-да Алматыда, нақты айтқанда Қапшағай су қоймасының оң жақ жағалауында бой көтеретін спутник-қалалардың құрылысы (жалпылама атауы G4 City) жөнінде хабарлама тарала бастаған еді. Билік өкілдері мұндай құрылыстың басталуы Алматы халқының жағдайын біршама тұрақтындыруға және мегаполистегі жылжымайтын мүліктің бағасын төмендетуге септігін тигізеді деп сенген болатын.

G4 City республикадағы кең ауқымды логистикалық орталыққа айналады деген болжам жасалынған-ды. Алайда, сайып келгенде G4 City туризм және спорт министрлігінің мамандары әзірлеген, Қапшағай жағалауында «Жаңа Іле» туристік орталығын құру бойынша құрама әрі қосалқы жоспарлардың біріне айналды да кетті. Сол уақытта Алматы облысы әкімінің орынбасары болған Виктор Долженконың сөзіне қарағанда аумағы 7,5 мың шаршы метрді құрайтын орталық құрылысының жалпы шығын көлемі шамамен 330 млрд.теңгені құраған (1 доллардың құны сол сәтте 120,7 теңгені құраған). Долженконың сөзіне сенсек сол уақытта жобаға жеті компания қызығушылық танытқан. Міне, әңгіме төркінінің ең қызығы дәл осы сәтте басталған-ды.

Қызықты ақпарат

2007 жылдың маусымында G4 City жобасын қолға алуға Юрий Андреевич Цхайға тиесілі қазақстандық Seven River Capital компаниясының 50% акциясын сатып алған оңтүстік кореялық Hanwha Investment & Securities корпорациясы қызығушылық танытқан. Ең қызығы аталған келісім жайлы ақпарат бастапқыда and.kz ресурсында пайда болып, кейін аталған ақпарат жойылған. Алайда, интернеттегі дүниелер түп тамырымен жойылмайтындығын өздеріңіз жақсы білесіздер. Аталған мәліметтердің кейбір іздері сақталып қала берді. Мәселен, аталмыш келісім жөнінде skyscrapercity.com порталында және Қазақстан қор биржасының (kase.kz) сайтында мәліметтер жарияланды.

Корейліктер қаламызда

4 қалада құрылыс жұмыстарын қолға алуды көздеп отырған G4 City жобасын іске асырушы Оңтүстік кореялық Hanwha Securities қазақстандық Seven River Capital компаниясының 50% акциясын сатып алды. Жаңа акционер мұндай жобаны тиімді деп санайды. Алайда, сарапшылар спутник-қалалардың құрылысы Алматы және Қапшағай қ. баспана бағасының өсуіне әкеліп соқтырады деген мәлімдеме жасаған болатын.

Компаниялар сәрсенбі күні келісімге қол қойды. Жаңа акционерге 50% акция тиесілі, қалған акциялар Seven Rivers Capital (SRC) директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Цхайдың меншігінде қалатын болады. Компаниядағы SRC-тің сатып алынған үлесі жария етілмей отыр. Үш айдың ішінде төрт инвестициялық қор құрылатын болады. Оның біреуі тұрақты кіріс құралдарына, екіншісі акциялар мен облигацияларға, үшіншісі- real estate-ге,, төртіншісі- тікелей инвестицияға бағдарланатын болады. Сондай-ақ Кореяда да қорлар құрылатын болады. SRC мәліметтеріне сүйенсек аталмыш жоба жыл соңына дейін Қазақстанның қор биржасына және қазақстанның жеке жобаларына $100 млн оңтүстік кореялық инвестиция тартуға мүмкіндік беретін көрінеді.

2007 жылғы 11 маусымдағы кase.kz ақпараттарына қарағанда «Seven Rivers Capital» АҚ инвестициялық компаниясы Оңтүстік Кореяның «Hanwha Securities» қаржы компаниясының қомақты капиталын Қазақстанға тұңғыш рет тартып отыр.

Осы жерде сәл түсінік беріп кеткен жөн тәрізді. Seven Rivers Capital JSC жөнінде (Қазақстан) 2006 жылы 4G Citi жобасын қолға алар сәттен алдында жаңа мәліметтер пайда болған-ды. Бұған қоса «Каспийская Группа» АҚ холдингінің құрамына енетін, қолында «brokerage» және «asset management» лицензиясы бар аталмыш инвестициялық компанияны 2002 және 2013 жылдары кәсіби математик, қаржыгер әрі инвестор Аркадий Рахилькин басқарған. Компания сайтындағы ақпараттарға қарағанда, 2007 жылы нақты осы адам Seven Rivers Capital JSC-тің 50%-дық капиталын ең ірі оңтүстік кореяның Hanwha қаржы-өндірістік тобына тартқан. Ал, 2007-2010 жылдары Қазақстан экономикасына Оңтүстік Корея қорларынан Seven Rivers Capital JSC-тің басқаруына 110 млн доллар инвестиция тартқан.

Жылжымайтын мүлік пен банк секторларындағы операциялар аталмыш қорлар мен компаниялар қызметінің негізгі бағыттары болып танылады.

Бұған қоса, Қазақстанға оңтүстік кореялық компаниялардың келуін БАҚ-да Рахилькин мырза емес, «Seven Rivers Capital» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Цхай мәлімдеп, түсінік берген.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстанға келген инвестицияның басым бөлігі ЕО елдерінен және АҚШ тартылған. Аталған кезеңде Қазақстан нарығының тұрақты дамуы көптеген Азиялық қаржы институттары үшін тартымды бола түсуде…. Мен, оңтүстік кореяның ірі қаржы компанияларының қазақстан нарығына қызығушылық таныта бастағанына қуаныштымын. Жаңа белсенді инвестициялардың пайда болуы қазақстан қаржы нарығының одан әрі дамуына оң ықпалын тигізетін болады. Hanwha Securities Қазақстан нарығының одан әрі өсе түсетініне, болашағына сеніммен қарай отыра, түсіне отыра Қазақстан нарығына дер кезінде келді,- деген еді сол кезде Юрий Цхай.

Қазақстанның дамуына мүдделілік танытқан шетелдік инвесторлардың жаңа легі құптарлық іс тәрізді көрінген-ді. Алайда, «Hanwha Investment & Securities» порталына көз жүгіртсек және аталған компанияның нақты қай жерде, қай салада жұмыс жасағанын зерделейтін болсақ, мұндай жұмыс бағытының, аталмыш компанияның Қазақстанда жоқ екеніне куә боласыз.

Қалыптасқан мұндай жағдай 2013 жылдың сәуірінде, яғни kase.kz-те «Seven River Capital» АҚ басқарма отырысының хаттамасы» жайлы- қызықты ақпарат-құжат шыққан сәтте белгілі бола бастады. Аталмыш құжатта акционерлік қоғамның басқарма төрағасы А.Н. Исина «Hanwha Securities Co., Ltd акционерлерінің тіркелу деректерінің өзгергендігі туралы мәлімдеді» және «АҚ акцияларын шығару жобасына өзгерістер енгізу жөнінде мәлімдеді»- делінген. АҚ басқармасының үш мүшесі, оның ішінде басқарма мүшесі, Hanwha Securities мүддесін қорғаушы Юн Ёнгхо – мұндай мәлімдемеге «иә» деп, жақтап дауыс берген. Осылайша, АҚ-ның басқарма мүшесі Юн Ёнгхо тұлғасындағы оңтүстік кореялық компания үн-түнсіз және ешбір дау-дамайсыз «Seven River Capital»АҚ инвесторлар құрамынан шығарылған.

Керісінше, 2013 жылдың тамызында қазақстан нарығында беймәлім «Freedom Finance» компаниясы пайда бола бастайды. KASE-де орналастырлыған ақпараттарға сәйкес «Seven River Capital» АҚ жалғыз акционерінің 28 шешіміне сәйкес 2013 жылдың тамызында «Seven River Capital» АҚ жалғыз акционері Юрий Цхайдың шешімі бойынша «Freedom Finance»АҚ болып қайта аталған, ал оның бас директоры болып сол кезде РФ азаматы саналған Тимур Турлов тағайындалған.

«Seven Rivers Capital» («Севен Риверс Капитал») (бұдан әрі- Қоғам) Акционерлік қоғамы Жалғыз Акционерінің №28 ШЕШІМІ

РФ, Мәскеу қ.  2013 жылғы 26 тамыз

Толық атауы «Seven Rivers Capital» («Севен Риверс Капитал») (бұдан әрі- Қоғам) Акционерлікқоғамы.

Атқарушы органның орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17, «Нұрлы тау» ӨҚО, 4 «Б» корпус, 17 қабат, 5офис.

Шешім қабылданғаннан жер мен мерзімі: 157051, РФ, Мәскеу қ., Трубная к., 23 үй, 2 корпус.

Қоғам акциясына дауыс берушілердің жалпы саны- 801 415 дана қарапайым акция.

Қоғамның жалғыз акционері «Фридом Финанс» Инвестициялық компаниясы Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жалғыз акционерге тиесілі акцияға дауыс берушілердің жалпы саны- 801 415 дана қарапайым акция, бұл Қоғамның акцияларына дауыс берушілердің 100%-ын (жүз пайызын) құрайды.

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабы 4 және 5 тармақтарына сәйкес Қоғамда, бір акционерге тиесілі барлық дауысқа түсетін акциялар бойынша акционерлердің жалпы отырысы өткізілмейді, акционерлердің жалпы отырысының құзыретіне жататын сұрақтар бойынша шешімдер мұндай акционермен жалғыз қаралады және жазбаша түрде ресімделеді.

Айтпақшы, Seven River Capital аты тағы да айтыла бастайды. Алайда, ендігі жерде ЖШС ретінде аталады және бірден екі юрисдикция ретінде – Алматыда (кең ауқымды тауар ассортименттерінің көтерме саудасымен айналысатын компания ретінде) және Дубайда (инвестициялық кеңес беруші компания ретінде) әрекет ете бастайды. Бір уақытта «Каспийский буксир» ЖШС басшысы болып саналған Мунатаев Марат Муратович, аталмыш ЖШС-нің жетекшісі болып тағайындалған.

Бұған қоса 2011 жылы Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бактың Қазақстанға жасаған сапары кезінде корея компанияларының осы ауқымды жобаны жүзеге асыруға қатысатындығы жөнінде келісімге қол қойылған.

Бір жыл өткен соң БАҚ-ы қазақстандық спутник-қалалардың құрылысына жауап беретін Caspian Group девелоперлік компаниясының жалпы сомасы 640 млн. долларды құрайтын бірінші келісім-шартқа Оңтүстік Кореяның 10 ірі компанияларының бірі саналатын Posco Engineering & Construction корпорациясы қол қойғанын мәлімдеді (2018 жылдан бастап жетекшісі Александр Тинханович Ким).

– «POSCO E&C» компаниясы жобалау, жеткізу және құрылыс жұмыстарына жауапты «жоба-құрылыс» шартындағы контрактіні ұтып алаған. Бұл компанияның жаңа қалаларды дамыту жөніндегі жобаларға қол жеткізудің куәсі деп түсіндірді, сол кездегі оңтүстік кореялық компанияның бас директоры Тон-Чон Чхон.

Posco бағамы бойынша жоба мерзімі 5 жыл 9 айды құрауы керек болатын. Алайда, осы уақытта Posco E&C-дің Қазақстанмен ынтымақтастық орнатқаны жөнінде ешбірдерек жоқ. Аталмыш компанияда белгісіз себептермен жоба көкжиегінен таса болды. Бәлкім жоспарланған мерзім ішінде, атап айтқанда 2020 жылы құрылысы аяқталып бітуі тиіс болатын Алматы спутник қалалаларының құрылысы басталмау себебінен болар. Үкіметтің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі №881 қаулысына сәйкес барлық төрт қаланың, яғни Гейт-сити, Грин-сити, Гроун-сити және Голден-сити құрылысы 2015 жылы аяқталуы қажет болатын-ды. Аталған қалалардың алғашқы тұрғындары жоба жетекшілерінің уәдесіне қарағанда тіпті 2012 жылы пайла болуы керек еді.

2014 жылы ҚАЗАҚҒЗжЖИ жобаны зерттеп, G4-City Алматы тұрғындарын қайта орналастыру проблемасын одан әрі ушықтыра түсетін идея деген қорытындыға келген. ҚАЗАҚҒЗжЖИ сараптамалық қорытындысында, құрылыс идеясы негізсіз декларациялар мен уәделерге құрылған, сол себепті аталған жобаны жүзеге асыру , әсіресе Алматы тұрғындарын қайта орналастыру мәселесінде күрделі проблемаларға әкеліп соқтырады делінген.

Сонымен, толағай жобалар туралы айтар болсақ, әр кезеңде оған түрлі шетелдік компаниялар тартылған тәрізді түйіндеме жасауға әбден болады. Ресми құрылыстардың басталғандығы жөнінде сан мәрте хабарланған-ды. Қазақстандық БАҚ-ның деректеріне қарағанда тек 2007-2015 жылдар аралығында G4-City жобасына жалпы сомасы 31,4 млрд.теңге ақша қаражаты жұмсалған. Жобаның осы уақытқа шейін аяқталмағанын ескерсек, ақша қаражаттары «қапшағай құмына» сіңіп кетті деп айтуға әбден болатындай. Алайда, осы айтылғандарға қарамастан, идеяның әлі күнге шейін өміршең болып отырған жайы бар.

Елдегі билік өкілдері әлі күнге шейін шетелдік инвесторлардың аталған жобаға қызығушылық танытатындығына мүдделі. 2023 жылдың қазан айында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков «G4-City жобасын іске асыру жөніндегі Қадамдық жоспарлардың барлық негігі шаралары белгіленген мерзімдерде орындалуда». Бір таңғаларлық тұсы:
— Құрылысты «зәкірлік» объектілерден бастау қажет, себебі бұл халықаралық инвесорлар үшін жобаны жүзеге асыру мәресінің басталғандығы туралы сигнал болады,-делінген мәлімдемеде.

Осылайша белгіленген мерзім ішінде қандай қадамдар іске асырылып жатыр және мұндай өсиетнама жобасының құрылысы осы уақытқа шейін неліктен басталмай жатқаны мүлдем түсініксіз.

ҚР Үкіметінің «G4 City және Алматы облысындағы Қонаев қаласының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары» қаулысына сәйкес жоба жалғасатын болады, тек ендігі жерде «Alatau» – деген өзгеше атаумен.

Сонымен жоғарыда аталған ақпараттарды жүйелейтін болсақ, көкейде бір сұрақтың туындайтыны рас. Юрий Цхай басқаратын компания неліктен осы уақыт ішінде G4 City жобасынан бірде-бір қалашық салмаған және шетелдік инвесторлардың аталған жобаға деген қызушылығы құмға сіңген су тәрізді жоқ болады?

Тағы да кореялықтар

«G4 City» тарихы биліктің керемет идеяларымен сәйкес келмеуінде жатқан тәрізді көрінеді. Бұл туралы ұзақ әрі егжей-тегжейлі айтуға болады. Билік өкілдеріне тым құрығанда ақшаны оңды-солды шашуды қоятын кез келді. Аталған жобаның тарихы белгілі бір ықпал етуші топтардың, нақты айтқанда корейлік ықпал етуші ағайындардың: Цхай Юрий мен Вячеслав Ким жөнінде көбірек ойлануға мәжбүр етеді.

Бұл жерде Яков Андреевич Цхай жайлы айтар болсақ. Ол елімізге танымал бизнесмен, «Қазақстанның халық банкі» АҚ 2,79% акциясының иесі Тимур Құлыбаевтың серіктесі саналады, ал баяғы бейтаныс бизнесмен Андрей Лаврентьевтің барлық іс-әрекеттерін бақылап отырған, 2023 жылдан бері АМТ корпорациясының иесі саналатын Юрий Андреевич Allur Auto тобының түпкілікті бенефициары болып табылады.

Осыдан сәл ертерек айтылған Caspian Group девелоперлік компаниясына келетін болсақ, сайт ақпараттарына сәйкес аталмыш компания Алматы, Достық даңғылы, 240 мекенжайында орналасқан. Ал «Учёт ПК» деректеріне сәйкес осы мекенжай бойынша «Достар» компаниясы» ЖШС тіркелген, компания жетекшісі Цхай Яков Андреевич. Caspian Group бойынша 2023 жылғы 4 тамыздағы аудиторлық есепте жарияланған ақпаратқа сәйкес, компанияның акционерлік капиталының 96,7% үлесі Юрий Андреевич Цхайға тиесілі. Қалған 3,295% үлесін Тен Александр Эрикович бақылайды. Тен Александр Эрикович dfo.kz деректеріне сәйкес ҚР «Сәтті Жұлдыз» АҚ лотерея операторының директоры болып табылады. Ол сондай-ақ Қазақстанның ұлттық атқыштар қауымдастығын басқарады. Александр Эрикович тің есімі Logycom брендімен елдегі ең ірі техника өндірушісі «Логиком» АҚ-да да мәлім болған-ды. Айтпақшы, бұл жерде бұрын айтылған Аркадий Рахилкиннің есімі де қатар айтыла бастайды.

«Логиком» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі отырысының Хаттамасы

КӨШІРМЕ

Атқарушы органның орналасқан жері: Алматы қ., Жандосов к., 2.
Отырыс өткізілген жер: Алматы қ., Жандосов к., 2.
Отырыс өткізілген мерзім: 2008 жылғы 19 мамыр.
Отырыс өткізілген уақыт: 09 сағат 30 минутта ашылды, 10 сағат 00 минутта жабылды.
Қатысып отырғандар:
1. Кошелев Валерий Викторович-төраға;
2. Швалов Сергей Александрович;
3. Маховиков Владимир Александрович;
4. Рахилькин Аркадий Валерьевич;
5. Тен Александр Эрикович.

Директорлар кеңесі отырысын өткізу үшін кворум бар.

Күн тәртібі:

«Логиком» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау.

Күн тәртібі бойынша Кошелев В.В. мырза сөз сөйледі.

«Логиком» АҚ жалғыз акционерінің 2008 жылғы 16 мамырдағы шешімімен осы құрамда директорлар кеңесі сайланды.

Сонымен, аталған Корейлік топтар мен экономиканың түрлі салаларындағы әртүрлі компаниялар арасындағы байланысты бақылау өте ұзақ уақытқа созылуы мүмкін және көптеген қызықты жәйттерді табуға болады. Бірақ ең бастысы «Ни ата» салған империя өміршең ғана емес, өркендеп қана қоймай, Қазақстандағы ең ықпалды алпауыттардың бірі ретіндегі өз мәртебесін сақтап қалып отыр.

Кейбір ішкі қайшылықтар мен бәсекелестікке қарамастан.

Мадия Торебаева




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.