«Қазфосфатқа» 5 млн теңге айыппұл салынады - Exclusive
Поддержать

«Қазфосфатқа» 5 млн теңге айыппұл салынады

«Қазфосфатқа» ауаны ластағаны үшін 5 млн теңге айыппұл салынады. Жамбыл облысы бойынша экология департаментінде тексеру нәтижелері туралы айтылды.

Күкірт қышқылын өндіру цехында экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды, әрбір заң бұзушылықтарды жою туралы тапсырма берілді.

Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 5 млн теңгені құрады.

«Қазфосфат» зауытында техникалық апат болып, одан шыққан қою түтін қала көшелеріне жайылды. Ауаға зиянды күкірт сутегінің мөлшері шамадан тыс тарап кеткен көрінеді. Бұл жағдай тәулігіне екі рет қайталанған.

Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты штаттық режимде жұмыс істейді.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.