Қоныспаев аңдамай сөйлеген Украина елшісіне наразылық білдірді
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевскиймен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Елшіге ү.ж. 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді.
– Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс – делінген хабарламада.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі Петр Врублевскийдің мәлімдемесіні қарсылық білдірді.
– Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі Петр Врублевский мырзаның қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздерін теріс қабылдаймыз және оған жол беруге болмайды деп санаймыз, – делінген хабарламада.
Фото: ҚР СІМ
Комментариев пока нет