Қорғаныс министрі миллиард долларды жұмсамас бұрын, отставкаға кете ме? - Exclusive
Поддержать

Қорғаныс министрі миллиард долларды жұмсамас бұрын, отставкаға кете ме?

Әскери ведомстводағы түйткілді мәселелер жайында exclusive.kz сайтында бірқатар жарияланымдар жарық көргеннен кейін, қоғам назары аталған салаға ауа бастағанын көпшілік жақсы біледі. Қорғаныс министрлігі ендігі жерде қорғаныстан қарсы шабуылға көшеміз деп сес көрсетіп отыр, сөйте тұра журналистер мен қоғамдастық өкілдерінің оқиға жайлы айтып отырған пікірлерін мойындағылары келмейді. Айналамызда бомбалар жиі жарылып жатқан мынадай алпауыт заманда, мәселе еліміздің қорғаныс қабілеті жөнінде болып отырғаны белгілі ғой.

Әскердегі суицидке қатысты ІТ-білезіктер

Мұндай тақырып сарынындағы жаңалықтар негізсіз әрі жалған, яғни фейк ретінде көрінуі мүмкін, алайда өткен аптада Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев брифингте ресми түрде осылай деп мәлімдеме жасады. Оның сөзіне қарағанда, «сарбаздардың қозғалысын жіті қадағалап отыру үшін оларды бейнекамералармен жабдықтауымыз қажет», ал білезіктерге келер болсақ, олар «қызметкердің жүрген жерін көрсетіп, оның импульсін өлшей алады, яғни датчик өшірілген болса, мұндай жағдайда командирлердің қызметкер жүрген жерге тез жетуге мүмкіндіктері мол» көрінеді. Ескере кететін бір жәйт, бұл қандай да бір «солдатсымақтың», яғни солдафонның аузынан шыққан сөз емес салыстырмалы түрде алғанда бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің IT-технологияларды дамыту департаментінің директоры болған, «Болашақ» бағдарламасымен білім алған, жас шенеуніктің (42 жаста) айтқан пікірі. Осы айтылғандарға сүйене отырып, министрлік мұндай білезіктерді барлық сарбаздар мен офицерлерге тақпақшы ма, ал камераларды бүкіл әскери базаға орнатпақ ойда ма? деген тәрізді заңды сұрақ туындайтыны шындық. Жә, солай-ақ болсын делік, онда мұндай ләззаттың салық төлеушінің қалтасын қалайша қағатынын өзіңіз одан әрі елестете беріңіз. Бірақ мұндай мәселенің, атап айтқанда «заманауи технологиялардың» әскери қызметшілер неліктен өз-өздеріне қол жұмсайды? сияқты себептермен күресуге емес, көбіне-көп оның салдарымен күресуге бағытталатыны белгілі құбылыс.

Иә, Ахмедиев мырза «өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділікті анықтау мақсатында, психологиялық тесттер жүргізуіміз қажет» деп атап өткен-ді, сөйте тұра бұл оның ведомствосының ғана проблемасы емес, жалпы қоғамның ұлттық трагедиясы екенін баса айтқан болатын. Осылайша, Қорғаныс министрлігі мұндай фактілер үшін бар кінәні өздерінің мойнына алмайтынын ашық мәлімдеп отыр, тіпті бейбіт уақытта орын алатын әскери қызметшілердің өліміне бас ауырқысы да жоқ, ал мұндай жағдай ең әуелі командирлерді алаңдатуы керек екенін де ойламайды.

Орынбасардың жастардың несиеге белшесінен батуына қатысты мәлімдемесі де шамамен осы сарындас. Иә, бұл өте үлкен мәселенің бірі саналатыны белгілі, бірақ, бұл жерде де тағы айла-шарғы орын алуда, яғни сарбаздар оларға «азаматтық» өмірде ЕДБ коллекторлары емес, аға әріптестерінің қауіп төндіретінін ашық айтып отыр. Біз кеңес әскерінің мұрасы ретінде орын алатын «әлімжеттіктің» өзге де көріністері туралы айтып отырған жоқпыз. Жалпы, бұл жерде жаңа технологиялар арқылы ескі проблемаларды жеңе алмайтынымыз белгілі болып отыр.

Отандық «қорғаныстың қоғамда алатын орны мен рөлі, жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Бір қарағанда осы айтылған пікірлердің барлығы өте қарапайым болып көрінетіні рас, яғни парасат-пайым мен ақыл-ойды, MadeinQazaqstan қолдауын басшылыққа ала отырып, қазақстандық өндірушіге сан мәрте баса назар аударған президенттің нұсқауларын орындасаңыз болды, осының бәрі бір сәтте іске асып кететіндей қабылданады. Бірақ бұл жерде әскер сапында туындайтын проблемалардан қоғам назарын әдейі басқа арнаға бұру мақсатында, белгілі бір дәрежедегі құштарлықтарды қолдан әдейі жасайтындай сияқты көрінеді. Қорғаныс министрлігі мен Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындары қауымдастығының ашық текетіресі – мұндай құбылыс олардың бір-бірімен серіктес емес, керісінше жау ретінде арада түсінбеушілік тудырып отыр. Өкінішке, Үкіметтің басқа салаларында да жағдай шамамен осыған ұқсас. Мәселен, ауыл шаруашылығы министрлігі мен фермерлер арасындағы алауыздық үйреншікті жағдайға айналғаны қашан.

Қазіргі уақытта біз нені көріп отырмыз? «Қорғаныс» өкілдері өздерінің проблемаларын, яғни ҚМ Президенттің тапсырмасын орындауға асықпай отырғанын, тіпті тез арада шешімін табуды қажет ететін мәселелер кешенінің бар екенін де мойындамайтынын айту үстінде. Қорғаныс ведомствосы редакцияға өз пікірлерін жолдап жатады, ал кейбір аспектілерге назар аударуды «ұмыт» қалдырады. Содан соң өндірушілер генерал-шенеуніктердің кейбір дәлелдерін әшкере етіп, жауаптарын беріп жатады, ал БАҚ екі тараптың да уәждерін қамту мақсатында олардың ой-пікірлерін, көзқарастарын көпшілікке тарата бастайды (өкінішке орай кейбір БАҚ бір тараптың ғана пікірлеріне құлақ асатыны шындық).

Қалыптасқан жағдай қалыпты көрінгенімен, дау-дамай күшейе түсуде, ал текетірес мәселесі әлі де шешімін табар емес.

Мұндай қатал фактілер бронды көліктердің бағасына да қатысты туындап отырғаны белгілі. Қорғаныс министрлігінің шенеуніктері бронды көлік құнын алдыңғы орынға қойғанымен, бұл шағымдануға болатын соңғы дәлел екенін көрсетеді. Айтпақшы, сыбайлас жемқорлықтың негізгі көздерінің бірі дәл осы «көлік бағасы» болып отырғаны белгілі. Екіншіден, атышулы геосаяси жағдай қарапайым ережені, атап айтқанда қару-жарақ импортына араласпау керектігін талап етеді. Соғыс жағдайында әртүрлі себептерге байланысты қосалқы бөлшектерді, техникалық немесе бағдарламалық жасақтаманы жоғалтып алуыңыз әбден мүмкін. Үшіншіден, егер генералдар бизнеспен айналысатын болса (немесе тендерлер мен жарыстар) – мұндай әрекеттің дұрыс болып саналмайтыны әрі алғашында сенімсіздік тудыратыны белгілі.

Сонда миллиардтар қайда жұмсалмақшы? Түсінбейтін тұстары жетерлік

Әскери-стратегиялық тақырыптағы кейбір жаңалықтар ел аумағынан асып та кетті. Батыс елдерінің баспасөзі Қазақстанның қорғаныс бюджеті бірден миллиард долларға артқанына назар аудара бастады, ал украиналық БАҚ қазақстандықтар соғысқа қарқынды түрде дайындала бастады деген біржақты қорытынды жасаған болатын. Мұнымен қоса айқын, ықтимал қарсылас ретінде –Ресей Федерациясы аталды. Мұндай тұжырым сырттай жасалған қорытынды ретінде көрінгенімен, теледидарда мәлім етілгендей «бәрі де соншалықты қарапайым құбылыс» ретінде қабылданбасы анық.

Айта кететін бір жәйт, ресейлік үгіт-насихат машинасы осы сәтте бұған ерекше назар аудара қоймағаны белгілі, демек Кремль мұндай әрекетке қатты мазалай қоймады деген болжам жасауға негіз бар. Әрине, билік агрессияның солтүстіктен жасалу мүмкіндігін де жоққа шығармайды, алайда бұл жерде мұндай оқиғалардың дамуына жан-жақты қарауымыз керек екені сөзсіз ақиқат. Сөз етіліп отырған тақырып жеке– дара әрі егжей-тегжейлі талдануы қажет, әзірге белгілісі Ресей –Қазақстан үшін әскери доктрина аясында да (жыл соңына дейін өзгертуге уәде еткен), сондай-ақ қазіргі әскердің тиісті даярлық дәрежесінде де (әсіресе, жоғары және орта офицерлік құрамның көңіл-күйі мен әдеттерін ескере отырып, бұл туралы алғашқы материалдарда айтылған болатын) «ықтимал қарсылас» болуы екіталай деп толық айта аламыз. Жалпы алғанда, Астана көбінесе «жанжалға түспеу» қағидатына негізделген дипломатиялық және саяси тәсілдерге басымдық беретін сияқты көрінеді.

Мәселені екінші жағынан алып қарасақ, яғни оңтүстіктен «Ауған қақтығысының» Ауғанстаннан тыс жерлерге шығу қаупі де бар. Бұл туралы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының «жиындарында» үнемі айтылып жүр, Шолпан-Атада болған соңғы кездесуге назар аударылды, сондай-ақ қарашада Самарқандта– Еуроодақ өкілдерімен бірге «5+1» форматында талқыланатын болады. Алайда, бір-бірлеріне, ҰҚШҰ-на, ШЫҰ-на және Ресейге баса артық сенім артудың қажеті шамалы, сондықтан әскери әлеуетті күшейтіп, жаттығулар өткізу керек (айтпақшы, мұндай оқу-жаттығу жиындары тамыз айында біздің таулы аймақтарымызда Беларуссиямен бірге өткізілу жоспарланып отыр), сондай-ақ ұшқышсыз ұшақтардан бастап, бронды техникаға дейін заманауи қару-жарақты арттыруымыз қажет (отандық өндіріс болса, тіпті жақсы болар еді). Дейтұрғанмен, Қорғаныс министрлігінің қазіргі басшылығының іс-әрекеттеріне, Президенттің тапсырмаларын толығымен елемей отырғанына қарасаңыз және отандық қару-жарақты сатып алуға қатысты жалған ақпараттар таратуын естіген болсаңыз, бөлінген ақшаның тікелей мақсатына жұмсалатынына сенуіңіз екіталай.

Алайда, бұл жерде «ұлттық қауіпсіздік» үшін Солтүстік пен оңтүстіктен ғана емес, сондай-ақ басқа да қауіптердің де бар екенін естен шығармағанымыз абзал. 11 шілдеде Президент қол қойған бірқатар заңдарға, соның ішінде төтенше жағдай туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді естеріңізге сала кетейік. Онда, бірқатар мәселелермен қатар «дағдарыс жағдайында» тәртіпсіздіктер орын алған кезде қарулы күштердің жаңа өкілеттіктері туралы да баса айтылған-ды. «Қанды қаңтардан» оқиғасынан бері жарты жыл ішінде әскерді қайта жарақтандыру, сондай-ақ әскери қызметшілер үшін ақшалай үлес пен және басқа да жеңілдіктерді ұлғайтуға баса мән беріліп келеді. Билік қосымша миллиард долларды қайда және не үшін жұмсайтыны туралы мәліметтерді барынша құпия ұстайтыны анық, бірақ біз, салық төлеушілер әскерімізге сыртқы (және ішкі) жаудан қорғауға шақырылған азаматтар ретінде қарап, кейбір мәліметтерді білгіміз келетіні де шындық.

«Отставка жаппай бола ма немесе дәлдікпен жүргізіле ме?»

Салыстырмалы түрде алғанда, жақында ғана министр Жақсылықовтың отставкаға кетуін талап еткен петиция ұйымдастырылған-ды. Бұған әскерде орын алған бірқатар өлім-жітік себеп болған еді. Алайда, дауыс жинау қажетті нәтиже бермеді – керісінше, «қарсы» дауыс бергендер адамдардың саны петицияны, яғни өтініш-тілекті қолдағандар санынан бірнеше есеге асып түсті. Қалай болғанда да, Жақсылықов мырза басқа министрлермен бірге қызметінен айырылуы бек мүмкін. Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында президент Тоқаев өзінің әдеттегі дипломатиялық қасиеттері арқылы, алайда осы жолы елдегі қалыптасып отырған күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайды түзетпейтін болса, Смайыловтың кабинеті отставкаға кетуі мүмкін екенін нақты айтқан-ды. Елімізде ешқандай ілгерілеушіліктің жоқ екенін біз, ел азаматтары күнде көріп жүрміз. Керісінше, астық науқаны мен әкімдіктердің қатаң тапсырмасына қарамастан инфляция күннен-күнге өсіп жатыр. Бұдан өзге, біз үнемі басқа министрліктер мен ведомстволарға, соның ішінде «біздің» қорғаныс министрлігіне де қатысты сынның куәсі болып келеміз. Яғни, үкіметтің жаңаруы – уақыттың еншісіндегі құбылыс. Мұндай әрекет қашан және қалайша жүзеге асырылатын болады, бұл жөнінде жеке айтатын боламыз, осылайша мұндай қарекет парламент палаталарының бірлескен отырысымен ашылатын алдағы жаңа саяси маусымның басында болады деген ойдамын.

Бірақ бұл жерде өзге сауалдың, атап айтқанда кейіпкеріміз генерал-полковник Жақсылықов алдағы «экзекуция-жазасына» қалайша тартылмақ? деген сұрақтың туындайтыны заңды құбылыс. Қоғамда оған деген жағымсыз көзқарас қаншалықта қалыптасса да, ол өз орындығын сақтап қалуы әбден мүмкін. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, ол лауазымға қаңтар оқиғасынан кейін «бастама танытқан» офицер ретінде тағайындалғанын еске түсірген жөн (еске сала кетейік, ол бейбіт митингіге қарсы агрессивті әрекеттер жасады деп айып тағылып отырған Ұлттық ұланды басқарды). Екіншіден, Тоқаевқа салыстырмалы түрде алғанда жақында ғана тағайындалған министрді ауыстыру қандай да бір ыңғайсыз әрекет ретінде бағалануы мүмкін, оның үстіне мұндай тағайындауға кімнің және қандай себептерге байланысты қолдау білдіргені әлі белгісіз. Сондай-ақ, Руслан Жақсылықов пен оның командасының өзін Президенттің тапсырмасын шыдамдылықпен тыңдай отырып, кейін өзінше әрекет ететіні және өздерін соншалықты еркін ұстайтындары да көпшілікті алаңдатып отыр. Мұндай жанжалдардың, армиядағы өлім-жітімдердің, түрік және отандық бронды көліктер арасындағы келіспеушіліктердің артында қорғаныс министрлігі өндірушілермен және журналистермен «соғысып» жатқанда, ең бастысы қарулы күштеріміздің қорғаныс қабілетін естен шығарып алатынымыз белгілі жәйт.

Әлде қорғаныс қабілетсізДІГІ жөнінде ме? Пайымдай беріңіздер

Мирас Нурмуханбетов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *