Қостанайда қару-жарақ дүкенінен өрт шықты - Exclusive
Поддержать

Қостанайда қару-жарақ дүкенінен өрт шықты

Қостанайда қару-жарақ дүкенінен өрт шығып, жалын жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету бекеті мен 8 үйдің шатырына жайылды.

Қару-жарақ дүкенінің иесінің айтуынша, жанып жатқан ғимараттың жертөлесінде 2 адам қалған. Оқ-дәрілердің жарылуына байланысты өрт сөндірушілер оларға жете алмаған. Оқиға орнында 40 адам мен 12 техника жұмыс істеп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы жазба жариялап, президенттің Торғайға жұмыс сапарымен баратынын хабарлады.

– Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қостанай облысындағы өртке байланысты Мемлекет басшысының осы өңірге жоспарланған сапары бола ма?», — деген сауалдар келіп жатыр. Қалыптасқан жағдай Президенттің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізбейді — Мемлекет басшысы 5 қыркүйек күні Торғайға жұмыс сапарымен барады. Қазір Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп жазды Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, жағдайды өңірге арнайы барған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған жедел топ қадағалап отыр.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *