Қырымды Украинаға қайтару керек – Ердоған
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Қырым платформасы» отырысында сөз сөйледі. Ол Қырымды Украинаға қайтаруды қолдайтынын айтты.
– Біз платформаның барлық деңгейдегі күш-жігеріне ықпал етеміз. Қырымды басып алуды заңсыз деп санаймыз. Бұл біздің ұстанымымыз. Халықаралық құқық Қырымды Украинаға қайтаруды талап етеді. Бұл – бүкіл өңір мен әлемдік қауіпсіздік жүйесі үшін аса маңызды, – деп атап өтті Ердоған.
Түркия президенті Қырым қырым татарларының отаны екенін атап өтті.
– Қырым татарлары азап шегіп, өз Отанында бейбіт өмір сүру үшін күресіп жатыр, – деді Ердоған.
tsn.ua мәліметіне сәйкес, Түркия президенті Ресейдің Украинаға қарсы соғысы Украинаның аумақтық тұтастығын сақтаумен аяқталуы керек екенін айтқан.
– Біз бейбітшілік орнатуға күш салуды жалғастырамыз. Мен Украинаның, соның ішінде Қырымның аумақтық тұтастығын қолдайтынымызды тағы бір рет атап өтемін. Қырым бұл – Украина! Ол Украинаның құрамында болуы керек, – деді Ердоған.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет