Қытайға 500 кг киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды
Алматы облысында Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізін сатуға тырысқан екі кәсіпкер ұсталды.
– Жедел жұмыстар барысында ұсталғандардан 500 кг ақбөкен мүйізі тәркіленді. Алдын ала деректер бойынша, күдіктілер киік мүйізін Қытайға 55 млн.теңгеге өткізуге тырысқан. Оларға қатысты ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауға алынды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деді Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Ұсталғандар 25 және 43 жастағы азаматтар. Қазір оларлың қай мекенде Қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз атқаны анықталып жатыр.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет