Ұлттық музей басшылығына қатысты тың мәлімет пайда болды - Exclusive
Поддержать

Ұлттық музей басшылығына қатысты тың мәлімет пайда болды

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D модельдерін құру» жобасын іске асыру кезінде Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төледі. Сонымен қатар, жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстарының нақты құны 83,4 млн теңгені құрағаны анықталды. Осылайша, жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.