Әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас болады – Тоқаев - Exclusive
Поддержать

Әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас болады – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауда азаматтардың табысы артып, әйелдер 61 жаста зейнетке шығатынын айтты.

– Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді. Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу керек. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жыл деңгейінде белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет, – деді Тоқаев.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *