Әлібаев: Бүгінгі трайбализмнің авторы – Қонаев, ол Сәтбаевтың соңына түскен - Exclusive
Поддержать

Әлібаев: Бүгінгі трайбализмнің авторы – Қонаев, ол Сәтбаевтың соңына түскен

Экс-депутат, қоғам белсендісі Серікбай Әлібаев «Халық үні» жобасына сұхбат беріп, Даниал Ахметов, Кәрім Мәсімов, Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікір білдірді.

Серікбай Әлібаевтің айтуынша, қазір халық билікке риза емес. Экс-депутат халықтың көшеге шығуы мүмкін екенін де айтты.

– Халық көшеге қазір де шығуға даяр. Мысалы, адамның басы, мойны, денесі бар. Елбасы дейміз, Назарбаев қайда? Егер ол еліне 30 жыл етсе, бүгінде халық арасына неге шықпайды? Ол қорқады. Қытаймен арада 50 шақты шарт бар. Ол шартта не келісілгенін ешкім білмейді, – дейді ол.

Сондай-ақ, Әлібаев трайбализм мәселесі туралы айтып, Дінмұхамед Қонаев туралы дерекпен бөлісті.

– Бүгінгі трайбализмнің авторы – Қонаев. Назарбаевты билікке дайындаған Қонаевтың өзі. Кейін оны тоқтата алмай өкінді. Қара жер хабар айтпасын, Қонаевқа кіріп жүрген бір ағамыз «трайбализм деген жаман, дамуға кедергі жасайды» деді. Орта жүзден білімі бар азаматты Қонаевқа алып келсе, оның резюмесін лақтырады дейді. Үйсіннен әкеліп министр қой, мынаны орынбасар қыл дейді екен. Қаныш Сәтбаевтай ғалымның соңынан түсті. Осылардың бәрін біле тұра «Қонаевты партиядан шығарайық» дегенде қолымды көтердім, – деді Әлібаев.

Фото: ашық дереккөз




1 Комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  1. Жұмабек Тәшенов кеткен соң ғана сол Қонаев трайбализм дегенді шығара бастады. Орта жүзден білімі бар азамат келсе, шынымен ол қатты қауіптенетін. 1978 жылы ол өзінен асып кетуі мүмкін деген оймен Сабыр Ниязбековты орнынан алды. Сабыр Ниязбеков 1965 жылдан 1978 жылға дейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы болды.