Әлиев Ресейдің Қарабақ бойынша уәдесін бұзғанын айтты - Exclusive
Поддержать

Әлиев Ресейдің Қарабақ бойынша уәдесін бұзғанын айтты

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ресей Қорғаныс министрлігін уәделерін орындамағаны үшін айыптады.

– Бірнеше ай бұрын, Ресей Қорғаныс министрлігінің жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғалары Әзірбайжанда болып, біздің Қорғаныс министрлігіне армян әскері маусымға дейін Қарабақтан шығады деп уәде берді. Бүгін шілде айының ортасы, бірақ бұл мәселе өз шешімін таппады, – деді Ильхам Әлиев.

Сондай-ақ, ол Армения капитуляция актісіне қол қойған және жеңілген тарап ретінде өзіне алған міндеттемелерін орындауы тиіс деп мәлімдеді. Әлиев ресейлік бітімгерлер Арменияны өз әскерлерін Қарабақтан шығаруға мәжбүрлемейтінін атап өтті

– Егер Армения өз әскерлерін Әзірбайжан аумағынан шығарғысы келмесе, онда бұл туралы ашық айтсын. Біз бұл жағдайда не істейтінімізді ойланайық. Біздің жауабымыз қандай болады? Мүмкін, қазір бұл туралы айту орынсыз болар, – Әлиев.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.