Әскердегі өлім: Қорғаныс министріне қарсы петиция жарияланды
Қазақстан халқы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты отставкаға жіберуді талап етіп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Мамыр айында оған «генерал-полковник» атағы берілді.
– Сол сәттен бастап бұқаралық ақпарат құралдары жас сарбаздардың өлімі туралы жиі ақпарат тарататын болды. Қазақстан армиясында тәртіпсіздік орын алып жатыр. Ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмейді. Жастарды әскери қызметке мәжбүрлеп жіберу жағдайлары болды. Біз, петицияға қол қойған азаматтар, ел президентінен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты отставкаға жіберуді талап етеміз, – делінген петиция мәтінінде.
Айта кетейік, петицияға қазіргі уақытта 272 адам қол қойған. Кейінгі екі күн ішінде екі әскери қызметкер өзіне қол жұмсаған.
29 шілде күні Степногорск қаласында әскери борышын өтеп жүрген Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады. Қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кеткен. Кейін оны кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде асылып тұрған жерінен тауып алған.
Хабар 24 телеарнасының мәліметіне сәйкес, 30 шілде күні Ақтаудағы 3502 әскери бөлімінің аға сержанты Абылай Мерғалиевтің асылып өлді.
Фото ашық деректерден
43 Комментариев
Тәжірибелі адамды отставкаға жіберуге болмайды!
Кетсін!
себебсіз өзін қалай өлімге қтяды бұның артында шикілік бар .Бұлай бола берсе кім баласын отанын қоғауға жібереді Әскерге емес өліиге барған мен бірдей .Жаңа Қазақстан сарбаздардың өлімімен басталды.
Айыт не айытпа не өлсе біреудің баласы бастары ауырсын ба.
Қасым Жомарт Тоқаев бұғанда нүкте қоятын уақытың болды.Халықтың сенімді призенті бола білсең халықтың мұң мұхтажына түсіністікпен қара
Тәжірибелі болғанымен тәртіпті қатаң ұстай алмай отыр. Басшы болған соң барлық қол астындағыларды өзіне бағындырып қызметшілерін қағындырып қатаң тәртіп, адами капиталды ең бірінші орынға қойғызуға жұмыстанса жақсы болар ма еді. Мүмкін бұл кісіге қастықпен жасалып отыр ма, кім біледі.
Кетсін. Әскерде өлім жітім көбейіп кетті соңғы кезде
Кетсін !
Болған оқыс оқиғаларға ҚМ неге бағасын беріп, анықтап,жауапкершілігі талап етілген әскери қызметкерлердің аты- жөні көрсетіліп, алған жазасын халыққа жария етпейді .. болмаса өздері соған жауапты деп есептейді- халық.. айдың күннің аманында не масқарашылық ?!
Бір интервьюінде 100 қазақ отырып қазақ тілінде сөйлеп отырғанда 1 орыс келсе бәрі орыс тіліне өту керек деп айтқанын естідім. Содан бері басы алтын министр болса да, қазақ халқын қорғайтын адам емес деп санаймын. Орнына есі дұрыс, ұлтжанды азаматтардың бірін қою керек, орысқұлдың керегі жоқ.
Неге өлім көбейді? Әр ата- ана өз ұлдарын бағып- қағып өсіргенде, қызығын көрем деп отырғанда?! Қалайша біреудің перзентін солай ұрып- соғып, өлтіреді? Қандай құқы бар? Біздің армтяға сенім болмай қалды. Менде де ұлдар бар. Жібергім келмейді, мынандай, сұмдықты естіген соң.
Жұмыстан кетін қолдаймын
Себебі Әскерде өлім жітім көбейіп кетті
Кетсін. Қазақ тілін қор қылған адам.
Кетсін
Назарбаевтын да тажирбиеси белгили болды, сол сиякты малдын биреуи! Казаша сойлегенге уйалып журген.
Кетуін,қолдаймын
Мен, ҚР-ның азаматы Мәкейхан Айдын, Қорғаныс министрі Р. Жақсылықтың жұмыстан кетуін және заң алдында қатаң жауапкешілікке тартылуын талап етемін!!!
Кетсін
Өз Ана тілін, өз қазағын құрметтемеген топастарға басшылық қызметте орын болмауы керек,өте орынды кетсін !!!
Руслан Жаксылыков дайын саткын орысқа.
Қазак тіліне жау,менің жауым.
Ұлттық ұлан қорғаныс министріне бағынбайды,олар ішкі істер министрлігіне қарайды
Р.Жақсылықов. (Русторай Хрушевич)Отставкаға кетсін.
Кетсе. Әскерде темірдей тәртіп болуы керек. Тәртіп орната алмаған министр — министр емес
Улттык уланда корганыс министиринин кандай катысы бар оган ишки истер мимстири жауап береди
Кетсін!
Қорғаныс министріне елін, халқын, жерін ойлайтын азамат тағайындалсын
В отставку. Потому что зам его решил каждому солдату срочнику надеть браслеты для отслеживание. Это армия а не детский сад
В отставку
отставкаға кетсін соттау керек
Отставкага ози кету керек! Бириншиден казакша дурыс билмейди,екиншиден Устав,аскери тартиптен мулдем хабары жок адам!
Тәжірибелі алаяқ, жемқор шығар. Халыққа, әскерлерге рух беретін министр керек!
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты отставкаға кетсін
Сұмдық екен….
Ұлттық ұланның қызметшілері суицид жасаса оған Қорғаныс министрінің не қатысы бар? Ұлттық ұлан қашаннан бері Қорғаныс министрлігіне бағынады?
Сұмдық, әрбір бейкүнә жас солдаттың өлімі үшін министр день бастап барлық шенеуліктер жазаға тартылу керек. Сонда ғана бұл жауапсыздық тоқталады. Шегі қиыры жоқ, тоқтауы жоқ сұмдық қой бейбіт уақытта
Отсавкаға жіберу керек .
Ісін сотқа беру керек.
ҰЛДАРЫМЫЗ ҮШІН АЛАҢДАЙМЫЗ!!!ӘСКЕРДЕГІ САРБАЗДАР ҮЙЛЕРІНЕН АҚША СҰРАТАДЫ ДА ЖАТАДЫ…ҰЛЫҢ ӘСКЕРДЕ ӨЛМЕЙ,МҮГЕДЕК БОЛМАЙ,АҚЫЛЫНАН АЛЖАСПАЙ АМАН-САУ КЕЛСІН ДЕСЕҢ АҚШАҢДЫ АЯМА ДЕГЕН СӨЗ КЕУЛЕП ЖҮР…..ҰРЫП-СОҒУ,ҚИНАУ,ҚОРЛАУ,ЗОРЛАУ,АҚЫЛЫНАН АЛЖАСТЫРУ ….БӘРІ-БӘРІ БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАНДА БОЛЫП ЖАТЫР…..БҰҒАН ҚАШАН ТОҚТАМ БОЛАР ЕКЕН?!РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ КЕТСІН!!!ТӘРТІП ОРНАТАТЫН ДҰРЫС БАСШЫ КЕРЕК!!!САРБАЗДАРҒА ТАМАҚТАРЫН АЛДЫРТЫП,КРЕДИТТЕРІН ЖАПТЫРЫП ОТЫРҒАН СҮМЕЛЕКТЕРДІ,ӘСКЕРИЛЕРДІ ОРНЫНА ҚОЯТЫН УАҚЫТ БАЯҒЫДА ЖЕТТІ!!!!
Кетуі керек.
Кетуі керек.
Қорғаныс саласының жағдайы сын көтермей тұр, әскерге кеткен балалар қайтыс болып жатыр қалаберді мүгедек болып оралып жатыр. Осыған кінәлі қорғаныс саласының шенеуіктері түгелдей жауапқа тартылуы керек. Жұмысын жүргізе алмаған міністір өз орынын босатуы керек.
Міністір кінәлілерді тауып жазалау керек болмаса өз еркімен орынын босату керек.
Улттық ұлан мен Шекара қызметінің Қорғаныс министріне қатысы жоқ. Осындай питиция жариялаудың алдында кімнің не үшін жауап беретінін анықтап алыңдар.
Жақсылықов кетсеңші, тезірек!
Ия кетсін отставкаға
Отставкаға жіберілсін