Әскердегі өлім: Шекара қызметінің әскери қызметшісі көз жұмды
2022 жылғы 17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Ерғалиев Нұрбек қайтыс болды.
Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
– Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталды. Әскери қызметшінің өлімі фактісіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады, – делінген хабарламада.
ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шараларын қабылдап жатыр.
Фото: Қорғаныс министрлігі
Комментариев пока нет