Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті - Exclusive
Поддержать

Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті

28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті.


Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.

Кіші залда өткен қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Көрермендер актерларға тік тұрып қошемет көрсетті. Қойылымдағы Андрейдің рөлін Ғалым Оспанов ойнады. Сонымен қатар Ажарлым Бақытжанова Елена рөлінде, Ұлжан Райханова Оксана рөлінде сахнаға шықты.

Қойылым мазмұнына сәйкес, 20 жастағы Оксана Еленаның 20 жыл бірге тұрған жұбайын сатып алуға ұсыныс жасайды. Қойылымдағы негізгі идея – отбасылық қарым-қатынас. Ерлі-зайыптылар арасында баланың болмауы ажырасуға себеп ретінде айтылады. Сахналық қойылым комедия жанрында болғанымен актерлардың қалың көрерменге ой салар тұсы көп.

Айта кетейік, премьера 1, 13 маусым күндері сахналанады.

Фото: Әуезов театрының баспасөз қызметі




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.