«Өлім шахтасы»: Костенко шахтасында өрт шығып, 32 адам қаза тапты - Exclusive
Поддержать

«Өлім шахтасы»: Костенко шахтасында өрт шығып, 32 адам қаза тапты

Қарағандыдағы Костенко шахтасында өрт шығып, 32 адам қаза тапты. Ең алдымен қаралы хабарды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев естіртті.

БАҚ дерегінше, апат кезінде шахтада 252 адам болған. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника мен 3 психолог маман жұмыс істеп жатыр.

 Еске салайық, 17 тамызда АМТ-ға қарасты «Қазақстан» көмір кенішінде өрт шықты. 222 жұмысшы эвакуацияланып, 5 шахташы қайтыс болды. Былтыр «Ленин» шахтасында да апат болып, тағы 5 кенші көз жұмды.

Мемлекет басқысы Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды бұйырды. Сондай-ақ қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, оларға барлық көмек көрсетілуін қадағалауды бұйырды.

Жауаптылар қалай жазаланады?

Костенко шахтасындағы төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бас прокуратура дерегінше, «тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Арнайы ведомствоаралық жедел топ құрылып, оның құрамына прокурорлар мен Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары кірген.

Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» мемлекет меншігіне өтетін болды. Үкіметтің баспасөз қызметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының меншік құқығын Қазақстанға беру жөніндегі мәміленің аяқталғанын хабарлады.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *