Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Әбдіғалиұлы Берік Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалсын, — делінген құжат мәтінінде.
Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. 18.09.1971 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Терісаққан ауылында дүниеге келген. Бұрын Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болған (10.2019-01.2021).
Айта кетейік, облыс құрамына Жаңаарқа және Ұлытау аудандары және үш қала — Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев кірді.
Комментариев пока нет