2010 жылдан бері іздеуде жүрген Алтынбеков Мәскеуде ұсталды
2010 жылдан бері сыбайлас жемқорлық ісі бойынша іздестіріліп жатқан «Астана Трейд Интернешнл» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Болат Алтынбеков Мәскеуде ұсталды.
– Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін күдікті Болат Алтынбековты Халықаралық іздестіруді жүзеге асырды. Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп Алтынбековті Мәскеуде ұстады, – делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, Болат Алтынбеков Мәскеуде қамауда отыр. Сондай-ақ, ол тергеу органдарынан жасырыну үшін өзінің тегін «Әлішер» деп өзгерткен. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды.
Алтынбеков «Алтын», «Сезам», «Фортуна», «Каминный», «Эдем-Палас», «Олимп-Палас» тұрғын үй кешендерінің құрылысшысы «Астана Трейд Интернэшнл» ЖШС басқарды.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет